Дәрігерлер неге ақ түсті халат киеді?

Дәрігерлердің қызыл емес, сары емес неліктен дәл ақ түсті халат киетіні жайлы ойланып көріп пе едіңіз?

Ақ халат жайлы ең алғаш рет XVIII ғасырдың екінші жартысында айтылды. Оған дейін дәрігерлердің униформасы алжапқыш пен қолғаптан ғана тұрды (маңызды ота болса).

Дәрігерлердің ақ түсті киім киюі керектігін алғаш рет ағылшындар айтты. Ағылшындық дәрігер Джозеф Листер ақ түсті киімнің антисептикалық қасиеттері жайлы тұжырымдама жасап, осы тақырыпта ғылыми полемика бастады.

Өткен ғасырда дәрігердің шеберлігін, жасаған операциясының сапасын ақ халатына тиген қан дақтарына қарап анықтайтын болған.

Оның үстіне, колориметрияның (түстерді зерттейтін ғылым) айтуынша, ақ түс адамды жұмысына бар ықыласымен берілуге, ашықтық, ойдың толыққандылығына, жинақылыққа, тазалыққа бағыттайды. Яғни, науқастарға жақсы әсер етеді, дәрігерге деген сенімін арттырады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, дәрігер ақ түсті халат кисе, қателікті аз жасайды. Ақ түс жұмысына жауапкершілікпен, адалдықпен қарауға, адамдардың өміріне жауапты екендігін сезінуге көмектеседі.

asylsoz.kz