Жазда суықтап қалмас үшін...

Жазда суықтап қалмас үшін...
Фото: hochu.ua

Жаз мезгілінің жайдарлы күндерінде де суықтап қалуыңыз мүмкін. Себебі ыстық күндері салқындаудың түрлі жолдарын қарастырамыз. Нәтижесінде денсаулыққа қатысты қарапайым ережелерді естен шығарып жатамыз.

Жазда суықтап ауыру – ағзаны қатты әлсіретеді. Тіпті ұзаққа созылуы да мүмкін. Көбіне жаз мезгілінде салқындатқыштан (кондиционер) , салқын суға түсу мен ентігіп келіп ішуден суықтап жатамыз. Бірақ мұндайға жол бермеудің қарапайым құпиялары да бар. Олай болса төмендегі төрт кеңесімізді естен шығармай жүргейсіздер.

1. Салқындатқышты (кондиционер) қоспас бұрын есік пен терезелердің жабық екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе бірден салқын тиеді. Одан өзге салқындатқыштың температурасына да мән беріңіз. Мәселен бөлме ішінің температурасы даладағы температурадан 5 градус салқындықтан аспағаны дұрыс. Асқан жағдайда денсаулығыңға кері әсерін тигізеді.

2. Ауа райының құбылмалылығын, өзгеруін назардан қалдырмай үнемі жылы киімдерді жаныңызда ұстап жүріңіз.

3. Ыстық күндері шөлді басу үшін өте салқын суды ішпей, көк шай ішкен пайдалы. Болмаса бөлме температурасымен бірдей суды ішкен дұрыс. Ал балмұздақты аздап тістеп қана, ауыз қуысында ерітіп барып, жеген дұрыс.

4. Терлеп тұрып салқын суға түсуге болмайды. 

О. Сансызбай