Ғалымдар адамдар үшін ең маңызды дәруменді атады

Ғалымдар адамдар үшін ең маңызды дәруменді атады
Фото: youtube.com

Ғалымдар адамдар үшін ең маңызды дәруменді атады. Зерттеу қорытындылары бойынша австралиялық мамандар адамдар үшін күн жарығы, дәлірек айтқанда ағзадағы көптеген алмасу процестеріне қатысатын D дәрумені ең маңызды екенін анықтады.

Белгілі болғандай, D дәрумені иммунитет күшін қамтамасыз етеді. Көптеген зерттеулердің арқасында бұл дәруменнің тапшылығы кезінде ересектер мен балалар салқын тигеннен болатын түрлі ауруларға шалдығатыны қуатталд. Сондай-ақ күн жарығынсыз ағза аллергия және қолқа демікпесі тәрізді созылмалы аурулармен нашар күреседі.

Күн жарығының жетіспеушілігін балық жеп аздап орнын толтыруға болады, деп атап өтті австралиялық зерттеушілер. Алайда адамның D дәруменіне қажеттілігін балықтың барлық түрлері толықтыра алмайды. Бұл тек семіз сұрыпты теңіз балығына қатысты болып отыр. 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы