Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Қысымды дәрісіз түсіру жолдары #2

Қысымды дәрісіз түсіру жолдары #2

Қысымды дәрісіз түсіру жолдары #2

Жоғары артериялық қысым көп жағдайда сусамырмен (диабет) бірге жүреді. Шамамен үш ересек адамның екеуі сусамырмен ауырып, гипертония (қан қысымының артуы) қатар кездеседі. Екі жағдай да инфарктинсульт және көз бен бүйрек ауруының болу ықтималдығын арттырады.

Қандағы қант деңгейі секілді артериялық қысым да күні бойы теңселіп тұрады. Қалыпты көрсеткіш 120/80 mm/Hg, алайда, одан сәл жоғары болса, қорқудың қажеті жоқ. Гипертония – 140/90 көрсеткішінен де жоғары қысым. Егер сіздің күнделікті артериялық қысымыңыз жоғары болса, дәрігер дәрі жазып бермес бұрын сізден өмір сүру салтыңызды өзгертуді сұрайды. Төменде артериялық қысымды төмендетудің бірнеше жолын көрсетеміз.

Басы

8. Балдыркөк (сельдерей) жеу
1992 жылы жүргізілген зерттеу бойынша, балдыркөк құрамындағы зат қан тамырларындағы жұмсақ бұлшықеттерін босаңсытып, нәтижесінде артериялық қысымның түсуіне себепші болады екен. Зерттеу нәтижесі бойынша, күніне балдыркөктің төрт сабағын қолдану қан қысымын 12-14 пайызға төмендетеді.

9. Ас мәзірінде балық мөлшерін көбейту
Арқан балық, тунец, майшабақ, скумбрия және сүтіл (палтус) сияқты балықтар артериялық қысымды түсіретін омега-3 майлы қышқылдарға бай. Егер сіз балықты ұнатпасаңыз, омега-3 қышқылына бай жұмыртқа, зәйтүн майын немесе дәрігердің кеңесімен балық майы капсулаларын қолданып көріңіз.

10. Грек жаңғағы
Грек жаңғағы да артериялық қысымды түсіретін омега-3 майлы қышқылына бай. Сондықтан оны күніне аздап қолданып тұрған жөн.

11. Күніне сарымсақтың бір бөлігін жеу
Соңғы 50 жылда жарияланған зерттеулер нәтижесі бойынша, сарымсақ қоспалары қан қысымын түсіруде кеңінен қолданылатын дәрі-дәрмектерді қолданумен тең нәтиже береді екен. Жақсы нәтиже көру үшін сарымсақтың белсенді ингредиенті аллицинді 3,6-5,4 мг мөлшерде қолданғанның өзі жеткілікті. Сарымсақтың бір бөлігінде 5-9 мг аллицин болады. 

12. Адамдармен араласу
Араласу шеңбері азғантай адамдардың артериялық қысымының көтеріліп кету қаупі жоғары болып келеді. "Жалғыз" адамдардың қысым көрсеткіші басқа адамдармен салыстырғанда орташа есеппен 30 пункт жоғары тұрады.

13. Қара шоколад
Өзіңізге күніне қара шоколадтың бір бөлігін жеуге рұқсат беріңіз. Ол жүрек жұмысын жақсартып, қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, ол сіздің көңіл-күйіңізге де жақсы әсерін тигізеді.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: uniamerica.br
Қосылған күні: 27 сәуір 2016, 11:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.