Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Пісте шағу пайдалы ма, зиян ба?

Пісте шағу пайдалы ма, зиян ба?

Пісте шағу пайдалы ма, зиян ба?

Пісте шақпайтын адам аз шығар, сірә. Бұл уақыт өткізудің бірден-бір жолы. Ал сол ермектің сізге қаншалықты пайдасы не зияны бары жайында білгіңіз келе ме? Ендеше, төменге көз тігіңіз.

Пісте шағудың зияны

Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?

Пісте туралы тағы бір «аңыз» бар. Ол – соқырішек ауруы. Бұл аурудың туындауына пісте шағу кінәлі деп түсініп, пісте шаққан балаларын «Соқырішек боласың» деп қорқытатын ата-аналарға мұның ол ауруға еш қатысы жоқ екендігін айтып, алтыннан құлақтарына сырға тақтық. Пістенің соқырішекке ешқандай да қатысы жоқ. Бұл – ойдан шығарылған пікір, жасанды қорқыныш. Оны біз де ойымыздан шығарып отырғанымыз жоқ, мұны растаған – білікті мамандар.

Ал нақтырағына келгенде, пісте тіс кіреукесіне аса зиянды. Сіз пісте шағып отырғанда, тіс кіреускесінің сыртқа бедеріне пістенің қалай зиян келтіріп жатқанын аңғармауыңыз да мүмкін. Тіс кіреускесі бұзылған сайын ол жүйке талшықтарына және кариеске де кері әсерін тигізбек. Сонымен қатар пісте шағу әсерінен асқазанда қыжыл туындайды.

Өзінің дене бітімінің қалыптылығын қатаң сақтайтын адамдар тіпті пістеге жоламауы қажет. Себебі пістеде калория өте көп. Бұл өнімнің 100 грамында 520 килокалория бары анықталған.

Пісте шағудың пайдасы мен құрамы

Жоғарыдағыларды оқып алып, қолыңыздағы пістеден құтылу үшін қоқыс тастайтын шелекке қарай асықпай қоя тұрыңыз! Күнбағыстың азықтық талшығынан келген пістенің дәні ішектің қалыпты жұмыс жасауына көмегін тигізеді. Күнбағыс пістесінің дәндерінде кездесетін қою майлы қышқыл халестериннің төмендеуіне жәрдемші. Бүгіндері біз дәріханаларға жиі бас сұғып «тонналап» алып жүрген дәрумендердің осы пістенің құрамында барынан да хабарсызбыз. Қарапайым пістенің құрамында көздің көруін жақсартатын және теріні жас қалпында сақтайтын А дәруменінің, ми қабатының қалыпты жұмысына жауап беретін Е дәруменінің бар екенін де біліп жүргейсіз. Пісте дәнінде кездесетін В тобындағы дәрумендер қайызғақ пен ұшықтан сақтануға көмектеседі. Сонымен қатар ол ұйқысыздық пен күйзелістен де құтқарады. Ал D дәрумен сүйектеріңіздің құрамындағы кальцийді арттырып, оның беріктігіне жуап береді.

Күнбағыс пістесінің дәні, сонымен қатар, ұмытшақтық ауруы мен жүрек қан тамырына байланысты дерттерге де ем.

Пістенің құрамында 20 % ақуыз және таптырмайтын аминқышқылдар кездеседі. Құрамында магний, мырыш сынды микроэлементтер де бар. Магний жүрек қан тамырлары мен мидың қалыпты жұмыс атқаруын реттеп, ойлау дәрежесінің қызметін арттырады. Күнбағыс пістесінің 100 грамм дәнінде 311 мг магний кездеседі. Ал мырыш – сұлулықтық асқан «мүсіншісі». Ол шаш пен тырнақтың саулығын сақтап, иммунитетті артырады. Мұнымен қоса оның құрамында мыс пен селен де баршылық.

Барлық пісте дәндері «психотерапевтық» әсерге ие. Шылым шегуді тастағалы жүрген адамға пістенің ауыз толтырып айтарлықтай пайдасы бар. Шылымды қажет етіп тұрған уақытында пісте шақса, шылымға деген ықыласы бәсеңдемек.

Әрине, шешім өзіңізде: біріңіз зиян көріп, пістеден бас тартарсыз, ал біріңіз жоғарыдағылардан түйін шығарып ем ретінде де пайдаланарсыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер:liveinternet.ru, bonappetit.com.ua

17674 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 тамыз 2012, 16:39
Пікірлер
+0
14 тамыз 2012, 15:49

пісте шағу ештеңе ойлағың келмеген кезде пайдалы :D

+0
14 тамыз 2012, 15:55

Пайдасы көл-көсір екен ғой.

+0
14 тамыз 2012, 15:57

маған ұнамайтын біреу пістені ұнатады, сондықтан менде пістені ұнатапймын))))

+0
14 тамыз 2012, 16:12

пісте ))

+0
14 тамыз 2012, 16:41

естерініңізде ме Меломен тобының мүшесі Ғабит ұнатқан қызына пістені жақсы көргені үшін кораптарға әдемі етіп салып сыйлық жасағаны солай ол өзін романтикпін деген еді ғой, қызық. расында да пісте ермекке де, әңгіме айтып отырып шаққанға да таптырмас нәрсе ғой. дәмі де басқа.

+0
14 тамыз 2012, 16:50

ой,пістені мен жақсы көремін. Үйге қыздар келгенде шәй,тамақтан кейін осы пістені ортаға қоясын,әңгемелерде қызық бола түседі :)

+0
14 тамыз 2012, 20:54

пісте шағып отырып, әңгіме айтқан жақсы ғооой )

+0
15 тамыз 2012, 00:17

Шемішке! пісте деген не сөз тағы)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...