Қай дәрумен қай тағамда бар?

Қай дәрумен қай тағамда бар?
Фото: www.dishisvobodno.ru

Ауырмау үшін, денсаулық жақсаруы үшін С дәруменін қабылдау керек, В1 дәрумені бар азық-түлік тұтыну шарт деп жатамыз. Ал бұл дәрумендер қандай тағам құрамында кездесетінінен хабарымыз бар ма?

В1 дәрумені ет өнімдері, жұмыртқа, бауыр, нан, жарма секілді тағамдарда көптеп кездеседі.

Ал В2 дәрумені бауырда, жұмыртқада, ет тағамдарында, асбұршақта, ашытқыда, баданада көп.

В6 дәрумені бұршақты дақылдар мен ет өнімдерінде баршылық.

РР дәрумені (никотинді қышқыл) немесе В3 дәрумені сұлу жармасы, бидай ұны, асқабақ, саңырауқұлақ, қызылша көкөністерінің құрамында кездеседі.

С дәруменін барлық жеміс-жидек пен көкөніс құрамынан кездестіруге болады. Бұл дәруменнің ең мықты қайнар көзі – қара қарақат, құлпынай, шабдалы, киви, қызыл бұрыш, өрік, аскөк, ораздық, орамжапырақ, қымыздық жапырағы, долана және цитрустік жемістер.

D дәрумені балық майы, саңырауқұлақ, жұмыртқа және ет өнімдерінде ұшырасады.

Ал E дәрумені астық өнімдері мен жаңғақтарда көп.

К дәрумені картоп, қызанақ, сәбіз, ақжелкен өсімдіктерінде бар.

Бауырдан, көкөніс жапырақтарынан, бұршақ тұқымдастарынан фолацин кездестіруге болады.

Ал калийдің қайнар көзі – картоп, жеміс-жидек және көкөніс.

Фосфор элементі балық, сүт және бұршақ өнімдерінде өте көп.

Натрий ас тұзында бар.

Темірді адамдар көбіне ет өнімдерінен алады.

Йод пайдалы элементін теңіз балығынан кездестіре аласыз.

Ал күнделікті қарапайым суды тұтыну арқылы ағзаны фторға байытасыз. 

Ж. Исакаев