Бал қосылған сұлы қайнатпасы

Бал қосылған сұлы қайнатпасы
Фото: skarvit.ru

Құрамында пайдалы элементтері көп бал қосылған сұлы қайнатпасы ішек жолдарының жұмысын, зат алмасу процесін жақсартып, асқазандағы зәр, уыттарды сыртқа шығарады. Сонымен бірге, буындарды қатайтуға көмектеседі.

Бір стақан жуып тазаланған сұлыға 1 литр қайнаған су құйып, баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Қоспаңыз қайнап болғаннан кейін оны сүзгіден өткізіп, суығанын күтіңіз. Содан соң оған ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, қандағы қант деңгейін реттеп, тәбетіңізді ашатын табиғи таза бал және азғантай даршын қосуға болады.

Бұл қайнатпаны күніне 3 рет, тамақ ішерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Денсаулыққа пайдалы тұстары өте көп.

Ем болсын!

Ж. Исакаев