Арықтауға арналған сұлы диетасы

Арықтауға арналған сұлы диетасы
Фото: vitavisio.org

Сұлы диетасы арықтауға көмектесіп, ағзаға игі әсер етеді. Оның құрамындағы ауыр көмірсулар ағзаны қуаттауға көмектеседі. Сол себепті сұлы ботқасын әдетте таңғы ас уақытында жеген абзал. Ал ұйықтар алдында сұлы жемеген жөн.

Сұлының құрамында жасұнық, крахмал, А, В тобының дәрумендері, минералдар мен микроэлементтер мол.

Диета ұстаудың алдында ағзаны күріштің көмегімен тазартып алған жөн. Ол үшін 4 ас қасық күрішті 1 литр суға салып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең 1 сағат бойы күрішті қайнатыңыз. Күріштің суы кисельге айналады. 5 сағат бойы ішіп тұрыңыз. Күрішін жеудің қажеті жоқ. 5 сағаттан кейін тамақтануыңызға болады. Бірақ ұйықтауға 5 сағат қалғанда тамақтануды тоқтату керек. Тек су ішуге болады. Майлы, тәтті және нан-тоқаш өнімдерінен басқа тағамды жей беріңіз.

Асқазанды тазартқан соң, келесі күні диета ұстап бастауыңызға болады. Таңертең, түсте және кешке тек сұлы ботқасын жеңіз. Тамақтану арасында жеміс-жидек, көкөніс жеуге болады. Әр тамақтанған сайын жарты сағаттан кейін ғана су ішіңіз. Негізінде, сұлы ботқасын жеп алған соң шамамен 1-1,5 сағат ішінде су ішпеген жөн.

Қант, тұз, май сынды тағамдардан бас тартуға тура келеді. Бұрыш, дәмдеуіштерді ботқаға қоспаңыз. Олар тәбет ашады.

Ф. Абилова