Ішімдіктер миға теріс әсер етеді

Ішімдіктер миға теріс әсер етеді
Фото: butakova.info

Испанияда Сантьяго-де-Компостела Университетінің ғалымдары алкогольді ішімдіктердің адам миына қаншалықты зиянды екендігін анықтады.

Зерттеуге екі түрлі топтан құралған студенттер қатысты. Тәжірибе кезінде бірінші топ қатысушылары апта ішінде 3 шыныаяқ сыра және сонша мөлшерде шарап ішті. Ал екінші топ студенттері мүлде ішімдік ішпеген.

Сосын барлығына орындауға бірдей тапсырма беріледі. Сол кезде мидың жұмысы сарапқа салынады. Тапсырманы екі топ та ойдағыдай орындаған. Нәтижесінде күнде ішімдік ішкен топтың қатысушылары жүйке жүйесіне түскен ауыртпалықты өткір сезініп, тез шаршайтындықтарын байқатқан.

Ғалымдардың айтуынша, тіпті аз ғана мөлшерде ішілген ішімдік ағзаның тез арада шаршауына әкеп соқтырады. Жастық шақта шаршау білінбегенімен, адам жасы ұлғайған сайын сезіле бастайды екен.

Дереккөз: 24.kz

С. Ерсін