Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Көз жанары жөнінде фактілер

Көз жанары жөнінде фактілер

Көз жанары жөнінде фактілер

Көз – адамның ең жанды да нәзік мүшесі. Жарық дүниенің қандай екенін елестете де алмай, титімдей саңылау көрсем деп өмір бойы армандап өтетін жандар аз емес. Пенделер көру бақытының қадірін білсін деген ниетпен жыл сайын қазан айының екінші бейсенбісі Дүниежүзілік көру қабілеті күні болып белгіленді.

Массагет оқырмандары да көз жанарына жанашыр болып, көру қабілетін қастерлей білсін деген ниетпен тақырыпқа сай бірнеше факт ұсынамыз.

«Сәбіз же, көзің жақсы көретін болады» деген сөзді барлығымыз бала күнімізде үлкендерден көп естіген болармыз. А дәруменіне бай сәбіздің денсаулыққа тигізер пайдасы шаш етектен екенін ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, дәлі көз жанарын жақсартады деген ақиқатқа қарағанда, аңызға жақынырақ. Бұл сөз Екінші дүниежүзілік соғыстың сарқыты. Неміс бомбалаушысы түнде ұшқыштарды қалт жібермей көретін жаңа радары болғанын жасыру үшін, сәбізді көп жегеннен жақсы көретін болдым деп жалған айтқан.

Әлемде адамдардың 2%-ы ғана жасыл көзді болады, бұл ең сирек кезедесетін көз түсі.

Бүкіләлем адамдарының 1% бөлігінде оң жақ пен сол жақ көзінің нұрлы қабығы екі түсті болады.

Көздің салмағы небары 7 грамға тең, ал көз алмасының диаметрі 24 мм.

Орта есеппен алғанда бір жылда әйелдер 47 рет, ер адамдар жеті-ақ рет жылайды. Сағат 18.00-20.00 аралығында 77% үйде, 40% жалғыздықта көз жасын ерік береді. Адам барлығы дерлік жылғаннан жеңілдеп қалады.

Көз түсі жанардың нұрлы қабығында болатын меланин пигментінің санына байланысты. Меланин аз болса, көз түсі көк, жасыл, сұр болады, ал көп болса, қара, қоңыр, ашық қоңыр түсті болады.

Адам орта есеппен төрт секунд сайын көз жыпылықтатады. 12 сағаттың 25 минутында көзін ашып-жұмады.

Әйелдер еркектерге қарағанда екі есе көп көз жыпылықтатады.

Адамның жоғарғы және төменгі кірпіктерін есептегенде 150-ге жетеді.

Сәбилер барлығы бірдей ашық-сұр көзбен туады, екі-үш жылдан кейін ғана өз көзінің түсі қалыптасады.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: happylifeguide.ru
Қосылған күні: 08 қазан 2015, 09:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.