Көз – адам жанының жасырын камерасы

Көз – адам жанының жасырын камерасы

Адамның қос жанары - әлемдегі тұңғиық терең жаратылыстың бірі. Оған батып, ішінде адасып кетуге де болады. Бар шындықтың айнасы да - көз. Бар сұлулықтың да кілті сол секілді. Бүгін біз адамның көзі жайлы ойлы тұжырымдардың жинағын жария еткіміз келді.

«Ауыз үндемеген жерде, көз сөйлейді»

«Езуін керіп күлген адам ғана емес, көзінде нұры бар адамдар шын бақытты көрінеді»

«Әйелдің жанары – айна емес, оптикалық көздеуіш»

«Келбет – алдамшы, күлкі – үнемі шынайы бола бермейді, тек көз ғана жалған айтуды үйренбеген»

«Адамның көзіне қадалғандардың бәрі де сол жанардан тек өздерін ғана іздемейді»

«Ауызбен айтуға қиын сезімді көз ғана жеткізеді. Тек көздің тілін бәрі бірдей түсіне бермейді»

«Мейірімді адамның көзі әдемі, әрине, өзі де...»

«Жанары жақсы көретіндердің ішінде де соқылары бар»

«Біз көзімізбен оқимыз, ал жұрттар біздің көзімізден оқиды»

«Көз – адам жанының жасырын камерасы»

«Кейде біз өмірден түңіліп кетеміз, өйткені көзімізді жиі ашып жүреміз»

«Көзсіз махаббат бар жерде, көздің бәрінен көңілі қалады»

«Менің көзіме қараңдаршы, сенбесеңдер», - деп шыңғырды шындық»

«Жаныңа керегін тапқың келсе, жанарың мен жүрегіңе жүгін»

«Адамдарда тек екі-ақ көз бар: бірімен – өткеніне қарайды, екіншісімен – болашағына елеңдейді. Ал нағыз көзімен тек кино көреді»

«Көзіңді аш! Ол онсыз да сенсіз-ақ өзі жұмылады»

Сурет: Тұрар Қазанғапов

А. Әбілхан