Ғалымдар маскүнемдіктен арылтатын дәрі ойлап тапты

Ғалымдар маскүнемдіктен арылтатын дәрі ойлап тапты
Фото: samaratoday

Диабеттен емдейтін дәрілер маскүнемдіктен құтылуға көмектесетіні анықталды, деп жазады Planet Today.

Гетеборг университетінен швейцариялық ғалымдар диабеттен емдейтін дәрілерден ГГП-1 гормоны табылғанын хабарлады. Бұл гормон мас күйінде адамдар қуанышты күйде болатын дофаминді синтездейді.

Ғалымдар зертханалық кеміргіштерге эксперимент жасап, ГГП-1 гормонын егіп, тышқандардың маскүнемдікке тәуелділіктен құтылуына қол жеткізді.

Нәтижесінде мамандар бұл гормон маскүнемдіктен зардап шеккен адамдарға да көмектесе алады, деген қорытындыға келген. 

Дереккөз: ИА "Казинформ"

С. Ерсін