Қатерлі ісікке қарсы тағамдар

Қатерлі ісікке қарсы тағамдар
Фото: www.djurenko.com

1. Сарымсақ

Сарымсақ – иммунитетіңізді көтеретін тағам. Сонымен қатар қаныңызды тазалап, иммундық жүйеңізді жақсартады. Ал қатерлі ісіктің алдын алу үшін күніне сарымсақтың 2 бөлігін жесеңіз жарайды.

2. Ас бұршақ

Ас бұршақта жасұнықтар саны көп. Оның құрамындағы пайдалы элементтер ағзаның тезірек қартаюына жол бермейді.

3. Сәбіз

Сәбіз қуық асты безінің қатерлі ісікке шалдығуынан сақтайды. Оны шикі күйінде жеген жақсы. Оның құрамында бета-каротин мен антиоксиданттар өте көп.

4. Брокколи

Брокколи өсімдігі қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі. Ол тек мықты антиоксидант қана емес, ағзаңызды әртүрлі аурудан аман алып қалуға мол әсер етеді.

5. Кайен бұрышы

Кайен бұрышы зат алмасу процесін жеделдетіп, ішкі органдарыңызды залалсыздандырады. Күнделікті ішетін тағамыңызға бір шөкім бұрыш салуды дағдыға айналдырыңыз. Сонда ағзаңызды түрлі аурудан сақтайсыз.

6. Саңырауқұлақ

Саңырауқұлақ қатерлі ісікті болдырмауға көмектеседі. Ең мықты саңырауқұлақтар – кордицепс, мейтаке, шиитаке, рейши, вешенки секілді азиялық саңырауқұлақтар. Олармен емделу арқылы иммунитетіңізді жұмылдырып, денсаулығыңызды қатайтасыз.

7. Бүлдірген

Бүлдірген тоқ ішек қатерлі ісігіне таптырмас ем. Бұл жеміс ағзаңыздыға барлық зиянды затты шығарып, зат алмасу процесін жеңілдетеді.

8. Көк шай

Тек табиғи көк шай ғана қатерлі ісікке қарсы қолданатын сусын болып табылады. Оның құрамындағы антиоксиданттар бүйректің қатерлі ісігін баяулатып, ас қорыту жолдарын жақсартады. Ескерте кетейік, егер алатын болсаңыз, Жапонияда жасалған табиғи көк шайды таңдаңыз. Тек солар ғана дертіңізге дауа бола алады.

9. Қызанақ

Қызанақты күн сайын жеңіз. Бұл қатерлі ісікпен белсенді күресетін көкөніс түрі. Қызанақтың сыртын қызыл түске бояйтын ликопен ағзаңызды зиянды заттардан қорғап, жүрек ауруларын болдырмайды.

10. Куркума

Куркума – қуықалды безі қатерлі ісігінен қорғайды. Өйткені оның құрамында көптеп кездесетін куркумин бағаналық жасушалардың өсуін баяулатып, санын азайтады. Бұл емдеу әдісін қатерлі ісіктің бірнеше түріне қарсы қолданады.

Бұл тізім тек табиғи органикалық өнімдерден құралды. Олар сіздің денсаулығыңызға қандай қиын жағдай болса да көмегін тигізеді. Осындай пайдалы тағамдарды тұтынып жүрсеңіз, әрдайым әдемі әрі жігерлі көрінесіз. Ал ондай адамдар қандай ауру келсе де, төтеп беруге дайын тұрады. Бұл тағамдар тізімін ас мәзіріңізге қосуды ұмытпаңыз. Денсаулығыңыз мықты болсын!

Ж. Исакаев