Бас миының қатерлі ісігін емдеудің жаңа әдісі табылды

Бас миының қатерлі ісігін емдеудің жаңа әдісі табылды
Фото: dolgojit.net

Америкалық ғалымдар қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінің бірі глиобластоманы емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты, - деп жазады 24.kz.

Аталған дерт зиянды жасушалардың шапшаң көбею кесірінен өте тез дамиды екен. Ол әдетте химиялық терапия, сәулелендіру және хирургиялық әдіспен емделеді. Ал жаңа тәсілдің көмегімен тері жасушалары діңгекті жасушаларға түрленіп, кейіннен олар қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектің құрамына қосылады. Сонымен қатар ғалымдар діңгекті жасушаларды мидың зақымданған бөлігіне тиімді жеткізу технологиясын да ойлап тапқан екен. Тәжірибелер сәтті аяқталып жатса, бұл әдіспен емдеу 2-3 жылдан кейін басталуы мүмкін.

- Тәжірибелердің алғашқы сатысында біз қатерлі ісікке шалдыққан тышқандардың өмір сүру ұзақтығын 25 күннен 65 күнге дейін арттырдық. Сол себепті бұл әдістің болашағы зор деген сенімдеміз. Ол барлық қажетті көрсеткіштерге сай келеді. Ең бастысы, бұл тәсіл адам ағзасы үшін қауіп тудырмайды және қатерлі ісікті жоя алады, - деді Солтүстік Каролина Университетінің фармацевтика мектебі профессорының көмекшісі Шон Хингтген. 

О. Сансызбай