- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кола сусынын мөлшерден...
Кола сусынын мөлшерден тыс тұтыну қатерлі ісікке алып келеді
Жаңа зерттеу нәтижесі аты әлемге танымал кола сусыны қатерлі ісікке шалдығу қауіпін жақындататынын көрсетті. Мұның бәріне кола құрамындағы қажетсіз қоспа бөлшегі себеп болып отыр екен. Джон Хопкинс Университетінің жаныннан ашылған Блумберг денсаулық сақтау мектебі алкогольсіз сусында жасанды карамель бояғышы ретінде қолданылатын 4-метилимидазол (4-MEI) канцерогені адам денсаулығына өте зиян болатынын анықтаған.
IBTimes ақпараттық ресурсының жазуынша, АҚШ-тағы алты жастан жоғары әрбір 58 баланың 44-і күніне кем дегенде жарты литр газдалған сусын тұтынады екен. Тіпті одан көп болуы да әбден мүмкін. Бұл қатерлі ісіктің пайда болуын жылдамдатады.
«Газдалған алкогольсіз сусынға құмар адамдар әзірге емі табыла қоймаған ауруға шалдықпау үшін сусынды жиі тұтынбағаны абзал. Аталған қоспа адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, күрделі проблемаға алып келуі мүмкін», — дейді ғалымдар.
Ғалымдар АҚШ территориясындағы 110-нан аса түрлі брендтердің сусынын тексеруден өткізіп, осындай шешімге келіп отыр. Дегенмен, ғалымдар нақты бір брендтің атауын белгілеп оған шектеу қоюға асықпауда. Себебі газдалған сусындардың адам баласына көпжылдық мерзімде біртіндеп әсер етуі оның сатылымына шек қоюға жеткілікті болмай тұр.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі 4-MEI қоспасының бір брендтің түрлі сусынында әртүрлі мөлшерде болатынын көрсетті. Мысалы, диетаға арналған сусындарда 4-MEI концентрациясы жоғары болса, өзге түрлерінде төмен екені байқалды.
АҚШ-тағы медикаменттер мен тұтыну өнімдерінің сапасын бақылау департаменті (FDA) халықтың тұтыну өнімдеріндегі канцерогенді заттар мен артық қоспалардың мөлшерін азайтудың жолдарын қарастыруда. Осы орайда департамент басшылары сусын өндірушілер мен билік басындағылардың қолдау білдіруіне үмітпен қарап отыр.
Сурет: www.ilokabenneth.education
Оқи отырыңыз:
Кока-кола ішкен соң ағзада не болады?
Мадагаскар тұрғыны 7 килограмм ісігінен арылды
Күйзеліске түскенде көмектесетін тағамдар
Ж. Өрісбай