Мадагаскар тұрғыны 7 килограмм ісігінен арылды

Мадагаскар тұрғыны 7 килограмм ісігінен арылды

Самбани (Sambany) есімді азамат ісігімен 40 жыл жүрген. Ақыры өзі кетпейтінін түсінген Мадагаскар тұрғыны дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Жасы алпысқа келсе де, жаяу үш күндік жолды артқа тастап, көлікпен 4 сағат жүріп Mercy Ships қайырымдылық қорының мамандарына барады. Хирургтар 12 сағат ота жасап, жеті жарым килограмды құрайтын ісікті сәтті алады. 20 жасында пайда болған ісіктен арылғанына қуанған Самбани дәрігерлерге алғыс айтады.

Британдық анестезиолог Майкл Макбрайен: "Самбаниді мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені оның жасында осындай ота жасатуға екінің бірі бара бермейді. Біздің хирургиялық және анестезиологиялық құрам мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді", - дейді.

Сурет: zheneshe-ay.kz

Оқи отырыңыз:

Мәнді әрі сәнді өмір сүргіңіз келсе...

Күш-қуат беретін пайдалы тағамдар

Көздің көруін жақсартатын тағамдар

Ғалымдар: Макарон нәзік жандылардың жүрегіне зиян

Ж. Исакаев