Англия азаматы әлемдегі барлық жануарлардың атын бір күнде ұмытып қалды

Ақпарат пен білім мида сақталады. Бұл бізге бұрыннан белгілі. Бірақ оның қалай жұмыс істейтіні туралы ештеңе білмейміз. Ал миды сканерлеу пайда болғаннан кейін белгілі бір сыртқы әсердің кезінде мидың қай бөлігі белсенді болатынын білетін болдық. Біз шешім қабылдау кезінде мидың қай бөлігі іске қосылатыны және математикалық амалды шешу кезінде қай аймақтың белсенділік танытатынын көре аламыз. Ал ақпарат мида қалай реттеледі немесе жадта қалай сақталады?

Дж. Б. Р. есімді британ азаматы герпес энцефалитімен ауырады. Науқастың айтуынша, оның санасында семантикалық пробелмалар болған. Нақтырақ айтсақ, ол жануарлардың атын ұмытып қала берген.

Тәжірибе кезінде ол 48 жануардың ішінен екеуінің ғана атын айта алған. Бір қызығы дерт оның жас кезінде алған біліміне еш әсер етпепті. Кейіннен осындай дертпен ауыратын басқа науқастардың да әр түрлі атауларға қатысты есте сақтау қабілетінің нашарлап кеткені мәлім болды. Біреулер көкөністердің атауын ұмытып қалса, тағы біреулер көліктердің атына келгенде қиындыққа тап болған.

Ғалымдардың зерттеулері барысында ақпаратты саралау бөлшектері анықталды. Мысалы, бір-біріне ұқсайтын ақпараттар мидың бір аймағында сақталады. Мысалы, географиялық атаулар, тағамдар, жануарлар немесе жемістер. Кейбір кездері аталған ауру мидың әр аймағындағы ақпаратта жетіп, реттеу жүйесін бұзып жібереді. Сондықтан ақпаратты еске түсіру мүмкін болмай қалады.

Сурет: www.youtube.com