Күзгі күйзелістен арылудың тәсілдері

Күзгі күйзелістен арылудың тәсілдері

Жер бетінде барлық адам күзбен бірге күңіреніп, өміріндегі романтикаға толы шақтарын еске алады десек, қате болмас. Алайда бұл маусым бойы күңіреніп жүре беру керек деген сөз емес.

Тілімізде көңіл-күйдің жоқтығын білдіретін ипохондрия, меланхолия, жалығу, сплин, хандра, мұң, қайғы сынды түрлі сөздер бар. Бұлардың барлығы да "күйзелісті" білдіреді. Өзінің көңіл-күйін көтергісі келетін адамдардың олардың бір-біріне жақын ұғымдар екенін білгені жөн.

Күйзеліске мазасыздық, уайымдау сынды қасиеттер тән. Төменде күзгі күйзелістен арылуға көмектесетін тәсілдерді ұсынамыз.

1-тәсіл: Моншаға бару. Жан-жағыңыздағылармен араздаса бергенше, моншаға барыңыз. Және оның өзіңіз қалаған түрін таңдаңыз. Ол орыс, түрік, фин моншасы болуы мүмкін. Ең бастысы ағзаның температураға төзімділігін сынап, жинақталып қалған негативті сыртқа шығару керек. Мұнымен қатар монша процедуралары перифириялық жүйкені қалыпқа келтіреді. Яғни жүйке жасушалары қайтадан жаңару мүмкіндігіне ие болады.

2-тәсіл: Күлкі терапиясымен айналысыңыз. Ол үшін есіңізге қызықты оқиғаны түсіріңіз, немесе youtube-тен қызықты видеолар қараңыз. Тіпті болмаса, қазақша Жайдарман мен «Әзіл әлемін» көрудің өзі жеткілікті.

3-тәсіл: Барлығын жаңа бояумен толықтырыңыз. Ең алдымен, үнемдеуді қойып сапалы әрі барынша жарық шам сатып алыңыз. Бұдан өзге бөлмеге сарғыш түсті перде іліңіз. Ол бөлмеге күн сәулесі түсіп тұрғандай әсер береді. Немесе ыдысқа мандарин, апельсинді толтырып салып қойыңыз. Ол да өз кезегінде бөлмеге цитрус хош иісін бөледі. Ал цитрусты иіс тропикалық аймақта жүргендей сезім сыйлайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай