Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жұмыс уақытында сергудің жолдары

Жұмыс уақытында сергудің жолдары

Жұмыс уақытында сергудің жолдары

Кейде жұмыс күнінің екінші жартысында шаршаудың салдарынан шаруаларымызды атқаруға ерік-жігеріміз жетпей жатады. Соның себебінен бүгін орындауға тиіс жұмыстарды үнемі кейінге қалдыруға тура келеді. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін жұмыс уақытында өзіңізді сергітудің бірнеше тәсілдері бар.


  1. Жеңіл жаттығулар. Егер  компьютер алдында ұзақ отырсаңыз, арқаңыз бен аяқтарыңыздың талғанын байқайсыз. Ал орныңыздан тұрып бір-екі жаттығуды жасауға уақытыңызды қимайсыз. Мұндай жағдайда орныңыздан тұрмай-ақ денеңіздегі шаршаудан арылуға болады. Ол үшін аяғыңызды еденнен көтеріп, алға қарай созыңыз. Аяқтарыңызды дәл осы қалпында барынша ұзағырақ көтеріңіз. Осылайша сіз ағзаңыздағы қанайналым жүйесінің белсенді жүруіне ықпал етесіз.
  2. Су ішу. Ағзадағы судың мөлшері 1-2 % төмендесе, бұл ойлау процесінің қалыпты жүзеге асуын тежейді.  Сондықтан, суды аз мөлшерде, бірақ жиі ішуді әдетке айналдырыңыз.
  3. Терең тыныс алу. Қарапайым тыныс алу жаттығуларын жасау – сергудің ең оңай жолы. Ол үшін дәлізге шығып, жүріп келе жатқан қалпыңызда терең тыныстаңыз. Алдымен деміңізді ішке тартып, содан кейін барынша сыртқа шығарыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
  4. Тек жақсы нәрселерді ойлау. Ғалымдардың дәлелдеуінше, үнемі жақсы нәрселерді ойлау адамның ынта-жігерін арттырады. Сол себепті, көңіл-күйіңізді түсіретін ойлардан аулақ болыңыз.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: postila.ru, vrn-today.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2014, 17:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.