Сүйелдің аяқ пен қолға шығу себебі

Сүйелдің аяқ пен қолға шығу себебі

Қолға шыққан сүйел – қатерсіз, табиғатынан вирусты болып келетін жара. Сырттай түйінге немесе үрпіге ұқсайды. Көп жағдайда 12-16 жас аралығындағы баланың қолында пайда болады. Өзге жаралармен салыстырғанда ешқандай зияны болмаса да, назардан тыс қалмауы тиіс. Біріншіден, олар жұғады. Екіншіден, олар комплекстің себепшісіне айналады. Және соңында, сүйел өршіп, ауырсыну сезімін тудырады.

Ал қолдағы немесе аяқтағы жараның нақты сүйел екенін қалай ажыратамыз?

Оны емдемес бұрын, мұның нақты сүйел екеніне көз жеткізгеніміз абзал. Ол қандай болады?

- Бұл – терінің үстіне жайғасатын қоңыр немесе сұр түсті кішкене түйін;

- Сыртындағы жабындысы жарқын немесе күңгірт түсті болады;

- Қолдағы немесе аяқтағы сүйелдің құрылымы қабат-қабат орамжапырақ секілді етті болып келеді;

- Қолдағы сүйел дөңгелек немесе сопақша болып келеді. Түсі – сұр. Және басқан кезде ауырады. Ұстаған кезде қатты екені байқалады;

- Құрылымның ішінде қара нүктесі бар.

Аяқ пен қолда сүйелдің пайда болу себебі

Сүйел адам папиломмасы вирусын жұқтырған кезде шығады. Жұғу жолдары:

- Вирусты тасымалдаушымен тікелей қарым-қатынас. Мысалы, қол алысу;

- Көпшілікке ортақ ылғалдылығы мол жерде жүру. Мысалы, бассейн, сауна, монша;

- Папиллома вирусы көп уақыт адамның өзіне білінбеуі мүмкін. Байқасаңыз, қолдағы сүйел ойда-жоқ жерде пайда болады.

Оның пайда болуына әсер ететін факторлар:

- Күйзелістің, дұрыс тамақтанбаудың, дәруменнің аз болуының, дұрыс ұйықтамаудың, таза ауа жетіспеудің нәтижесінде иммунитеттің төмендеуімен байланысты;

- Терідегі микро жарақаттар мен микро сызаттар;

- Қол мен аяқтың шамадан тыс терлеуі;

- Гигиенаның қарапайым ережелерін сақтамау;

- Ыңғайсыз аяқ киім кию.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?