Тіс ауруынан құтылу жолдары

Тіс ауруынан құтылу жолдары

Егер сіздің тісіңіз қақсап, маза бермей ауыратын болса, бірден дәрігерге көрініңіз. Себебі, бұл тіс ауруынан құтылудың ең оңай жолы. Алайда, өкінішке орай ауру айтып келмейді. Ол кей жағдайларда ең бір қолайсыз сәттерде туындайды. Мысалы, кешкілік уақытта. Сол кезде жаныңды қоярға жер таппай, ары-бері қозғалшақтап, еріксіз көзіңнен жас сорғалайды. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Жауап төменде.

Сіздерге тіс ауруынан құтылудың әдістерін айтпас бұрын кішігірім ескерту айта кету қажет. Біз айтайын деп отырған ем-дом шаралары тек тістің ауруын қойдырады, ал толық емді тек дәрігер ғана көрсетеді.

Тістің қақсап, сыздап ауыратыны белгілі. Сондықтан, біріншіден, тіс ауруын қойдырудан бұрын, ми жүйесін алаңдатуымыз керек. Ол үшін ежелден келе жатқан халық медицинасын пайдаланамыз.  Қолыңызға сарымсақтың бір тал кеспесін алып, оны екі бөлікке кесіңіз. Одан кейін екіге бөлінген сарымсақты ауыратын жеріңізге апарып басыңыз. Сарымсақты тіске неғұрлым жақынырақ қойсаңыз, соғұрлым ауру тез қояды. Сарымсақ шырыны тістің тамырын жылдам тыныштандырады. Бұл шамамен 5-10 минутқа  жалғасады.  Осы уақыт аралығында сырқат жайлап басылады.

Екінші әдіс. Бір бума мақтаның кішкене бөлігін алып, оған жарты қасық көлемінде ас содасын себіңіз. Ас содасы төгіліп қалмас үшін оны орағаныңыз жөн. Кейін компресті ауырған жеріңізде 10-15 минут ұстаңыз. Осы уақыт ішінде ауру  бірнеше есе күшеюі мүмкін, бірақ сәл шыдамдылық танытсаңыз, ауру ізсіз жоғалады.

Үшінші әдіс. Арнайы тіс ауруын қойдыратын дәрі-дәрмек пайдалану. Мысалы, Баралгин, Нурофен, Анальгин, Кетанов, Кетанол. 

Оқи отырыңыз: 

Бас ауруын емдеу туралы кеңестер

Адам физиономиясына қатысты қызықты фактілер

Мойныңыздағы ауырсыну сезімінен арылғыңыз келсе

Жүрек қан тамырлары аурулары туралы біле жүріңіз

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:amerikanki.com

Н. Нұрмаханұлы