Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Адамның табиғи иісі

Адамның табиғи иісі

Адамның табиғи иісі

Әр адамның өзіне тән иісі болады деп жатамыз. Әркімнің саусақ таңбасы әртүрлі болатыны сияқты, иіс те әркімнің өзіне тиесілі болса керек. Ол иісті ең қымбат әтір де кетіре алмайды деседі. Ол адам терісінің, шашының, демінің иісі... Әр адамның иісі тек өзіне тән микрофлора мен одан бөлінетін заттардан құралады. Тері мен шырышты қабаттарда тіршілік ететін бактериялар май, тері және тағы басқа бездерден бөлінетін заттарды ыдыратып, адам иісін түзетін заттарды өндіреді. Егер адамның он екі мүшесі сау болса, оның иісі де жағымды болады.  Денсаулығында ақауы бар адамның иісі сәйкесінше, жағымсыз болады. Бірақ, ол өзіне емес, айналасындағы адамдарға білінеді. Күйзеліске түсіп, дұрыс тамақтанбау асқазанға зиян келтіріп, бауыр мен бүйректі құртады. Ал терінің иісі дәл осы мүшелерге әбден байланысты. Шаштың табиғи иісі де (сусабынның емес) адамның денсаулығынан хабар береді. Шаш өздігінен иіс шығара алмайды, иісті бөлетін - шаштың терісі. Яғни, адамның иісі - одан шығатын тердің иісі. Ағза тердің екі түрін бөледі:

  • экзокриндық - иіссіз, мөлдір тер;
  • апокриндық - өткір иісті тер.

Адам көп жерде тұрғанда, мысалы, автобус, метро ішінде, иістің сан түрін сеземіз. Гигиенаны сақтап, күтінбеу бір бөлек те, ішкі құрылыстың ақауынан жағымсыз иіс шығару бір бөлек нәрсе. Сондықтан, жағымсыз иіске мұрнымызды тыржитпай, бір-бірімізге түсіністікпен қарағанымыз жөн болар. 

Ғалымдар адамның иісі немен тамақтанатынына тікелей байланысты деп отыр. 

Парфюмерияның түр-түрі сау емес ағзаның әсерінен тері бөлетін жағымсыз иістерді уақытша жоюға қауқарлы. Бірақ, тыныстағанда шығатын жағымсыз иісті құртатын парфюмерия әлі де жоқ. Сөйлеген кезде, ауыздан жағымсыз иіс шықса, ол да іш құрылысында, тісте ақау бар екенін білдіреді. Сағыздың көмегі аз, сондықтан, ауыздан шығатын жағымсыз иістің негізгі себепкерін анықтап алу қажет. Емдеудің қарапайым тәсілі мынау - күніне тісті екі рет шайып тұру, тамақтан соң, ауызды шаю.

Халық арасында адамның иісі оның мінезіне байланысты деген түсінік бар. Кішкентай бөбектің, жас адам мен кәрі кісінің иістері өзгешеленіп тұратынын байқаймыз. "Адамның иісінен жан-дүниенің тазалығы сезіледі" дейді жұрт. Бұл сөздің шын не өтірік екенін сіздің таразыңызға қалдырдық. Біздің айтарымыз - дұрыс тамақтанып, денсаулығыңызға мән беріп, өз-өзіңіздің, киіміңіздің тазалығына мұқият болсаңыз болғаны...

Сурет: positime.ru, megagirl.info

2105 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 мамыр 2012, 13:32
Пікірлер
+0
10 мамыр 2012, 13:58

Кішкентай бөбектің иісі тамаша ғой, ммммм)))))

+0
10 мамыр 2012, 16:24

Дұрыс айтасыз, әлемде ешбір иіссу сәби исін алмастыра алмайды!

+0
10 мамыр 2012, 16:51

сәбидің исі ғой...қандай иіс

+0
10 мамыр 2012, 17:52

"Адамның иісінен жан-дүниенің тазалығы сезіледі"-деген тұжырым ұнап қалды! :)

+0
11 мамыр 2012, 16:00

мм "Адамның иісінен жан-дүниенің тазалығы сезіледі"-деген тұжырым ол оптимисттердің сөзі ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...