Денсаулық - сұлулық кепілі

Денсаулық - сұлулық кепілі

"Дені саудың - жаны сау". Иә. достар, бәріміз де деніміз сау әрі әдемі болсақ дейміз. Шын мәнінде бұл кім-кімнің де қолынан келеді. Тек кез келген өнімді қалай пайдалануды білсеңіз, болғаны. 

Арықтаудың жолы


Арықтау жолында неше түрлі тәуекелген басын тігіп жүргендер үшін жаңалығымыз бар. Сұлулықтың кілтін іздеп жүрген тәжірибе жасаушылар тышқанды сынақтан өткізіп, құрамында май мен көмірсуы және рутині бар тамақпен қоректенген тышқанның күрт арықтағанына куә болды. Ендігі мәселе "Бұл тәжірибені адамдарға қолдануға бола ма?" деген сұрақ. Рутин пияздың құрамында көп екенін білеміз. Алайда, арықтау жолындағы арулардың құлағына алтын сырға: Рутин ащы пияздан басқа, алма, цитрус, клюквенің құрамында бар екен.

Сүттің пайдасы


Құмарта жейтін тамағымыздың құрамында сарымсақ бола тұра, одан бас тарта алмай жатамыз. Ал одан кейінгі ауыздан мөңкіп тұратын жағымсыз иіс ше? Мамандар бұның да шешімін тапты. Жағымсыз иіс сарымсақ құрамындағы күкірт әсерінен шығады. Ohio State University зерттеушілерінің пайымдауынша, сүт сарымсағы бар тамақты жеген соң, ауыздан жағымсыз иістің шықпауын 95 %-ға азайта алады екен. Олай болса, сарымсақтан бас тартудың қажеті жоқ. Тек сарымсақ жеген соң, бір стақан сүт сіміріп алыңыз!

Жүрегіңізді сақтаңыз


Мамандар ауыз қуысын жиі тазалап тұрмау жүректің қалыпты жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді деп айтудан жалықпайды. Әлбетте, статистикаға көз салсаң, тісіңді қазір-ақ шайғың кеп кетеді. Сенбесеңіз, мынаны қараңыз. Тісті күніне кем дегенде, 2 рет шаймаса, адамның жүрек ауруына шалдығу мүмкіндігі 70 %-ға артады екен! Тістегі қалдықты кетіруге кез келген тіс щеткасының күші жете бермейді. Сондықтан, тіс щеткасын таңдауға салғырт қарамаңыз. Қымбат тіс щеткасын алып қойсаңыз, бұл сіздің денсаулығыңыз үшін ұзақ уақыт сенімді түрде қызмет ететін болады.

Бетке кремді дұрыс жағу жолы


Бәріміз де бетке арналған кремді пайдаланамыз. Крем тек оны дұрыс жаға білгенде ғана жақсы әсерін бере бастайды. Ең алдымен бетті жақсылап тазартып, бетке кремді содан кейін жағу керек. Кремді бетке жаққанда, беттің ылғалды болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ шашты тазалағанда да, мұқият болу керек. Кір шаштың түбіне жиналады. Сондықтан, шашыңызды жуғанда, шаштың түбіне сусабынды емес, бальзам не масканы көбірек жағыңыз. 

Дені сау адам ғана сұлу екені есіңізде жүрсін!

Сурет: club-krasotki.ru, ojournal.ru, ru.freepik.com, polzavred.ru, mail.ru

М. Оңғарова