Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тұмаудан емделудің 12 әдісі

Тұмаудан емделудің 12 әдісі

Тұмаудан емделудің 12 әдісі

Кезекті тақырыбымызды тұмауға арнаймыз. Егер тұмаумен қатар денеңіздің қызуы көтеріліп, жөтеліп, тамағыңыз ауырып жатса, бірден дәрігерді шақыртқаныңыз жөн. Бұның барлығы асқынған тұмаудың белгілері.

1. Қысым, уқалау және шаю

Қысымды қолданып көріңіз. Дәл желбезектердің үстінде бастың ауырғанын басып, мұрынның бітелгенін ашатын нүкте орналасқандықтан, мұрын желбезектерін 10 рет басыңыз. Желбезекті басып ғана қоймай, мұрныңызды толықтай жабыңыз. Осы әдісті көзіңіздің айналасына жасап көріңіз. Бұны да 10 рет қайталайсыз.

2. Құлағыңыздың сырғалығын 10 секунд бойы уқалаңыз. Аталған әдісті екі құлағыңызға да жасаңыз.

3. Шаю. Бір кесе суға бір ас қасық тұз салып, ерігенше әбден езіңіз. Артынша осы сумен мұрныңызды шайыңыз. Су қайнаған әрі фильтрленген болуы тиіс.

4. Сіңбіріңіз. Тұмау кезінде мұрынның іші сілемейлі сұйықтыққа толып қалатындықтан, оны сыртқа шығару керек. Теріні тітіркендіріп алмау үшін жұмсақ орамалды пайдаланыңыз.

5. Жылы компресс қойыңыз. Орамалды жылы суға салып, бетіңізге басыңыз. Бұл әдіс мұрын қуысындағы қысымды азайтып, мұрынды сұйықтықтан тазалайды.

6. Салфетканы пайдаланыңыз. Оны алып екіге бүктеңіз де, мұрынның тесігіне салып қойыңыз. Көлемі мұрныңызбен бірдей болуы тиіс.

7. Босаңсып, дұрыс демалуға тырысыңыз. Қағаз мұрынның ішкі бөлігіне ауа өткізеді әрі сұйықтықтың сыртқа ағып кетуіне жол бермейді. Ауа жетпеген жағдайда ауызбен демалыңыз.

8. Дәріханадан «Викс Вапораб» майын сатып алыңыз. Жалбыз иісі аңқыған бұл май мұрын бітелуіне жақсы көмектеседі. Оны мұрныңыздың үшбұрышты бөлігіне жағып, терең демалыңыз. Көп ұзамай тұмаудың ізі де қалмайды. Әрі тамақ пен кеуде тұсына жағып қоюыңызға болады.

9. Тұмаудың себебін емдеу

Тұмаудың себебін анықтаңыз. Ол аллергия, суық ауа райы, күйзеліс, темекі түтініне әсер, қызылша, көкжөтел аурулары болуы мүмкін. Мұрын бітелуінен басқа белгілер көріне бастаса, бірден дәрігерге қаралыңыз.  

10. Суық тиген кезде суды, жеміс-жидек шырынын, ет сорпасын көбірек ішіңіз.

11. Қоздырғыштан аулақ жүріңіз. Ол әдетте үй жануарлары, бөлме өсімдіктері болуы мүмкін.

12. Бөлмені арнайы микробтарды өлтіретін құралмен тазалаңыз.

Кеңестер:

- Құрамында кофеин мен шәй жоқ сусындарды ішіңіз;

- Иісі жоқ, жұмсақ салфеткаларды пайдаланыңыз;

- Мұнымен қатар жақсы демалыс пен тәтті ұйқының әсері мол;

- Лимон мен бал қосылған ыстық су ішіңіз;

- Жатқан кезде жастығыңыз әдеттегіден көтеріңкі болсын;

- Дәріханада сатылатын мұз кәмпиттердің де маңызы зор;

- Үнемі жылы жүріңіз;

- Иіссіз майды мұрынның жарылған жерлерін жағып отыру керек.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 04 ақпан 2014, 19:00
Пікірлер
+0
04 ақпан 2014, 19:24

чеснок қо біздікі

+0
04 ақпан 2014, 20:35

чеснок жеймін деп, асқазаным ауырып отырмын

+0
05 ақпан 2014, 10:09

мұрынның үшбұрышты бөлігі деген қай жер? осындай түсініксіз аудармаларды суретпен келтірсеңдер құба-құп болар еді!

+0
05 ақпан 2014, 11:33

Мұрын тесігінің айналасы ғой...

+0
05 ақпан 2014, 22:23

Сарымсақ, лимон, антигриппин, қыша

+0
05 ақпан 2014, 23:16

Шүкір! Биыл тұмаудан аман сияқтымыз...)

+0
06 ақпан 2014, 12:45

«Викс Вапораб" дегенді естімеппін, тминь жақсы екен) менің тұмауым чета ұзап кетті, 10 күннен асты ма, алдыңғы жылы 2 ай жөтеліп едім, қорқа бастадым))) аурмаңыздар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.