Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ағзаны алдайтын амалдар

Ағзаны алдайтын амалдар

Ағзаны алдайтын амалдар

Жағымсыз әсерлерден (мұрынның бітіп қалуы, тамақтың қышуы) арылудың, былайша айтқанда, өз ағзаңызды алдауға өзіндік бір тәсілдер бар. Кейде болмасын мұндай қиындықтар әр адамның басынан өтіп тұрады. Кішірігім болса да, көңілге тиіп кетері анық. Ендеше, олардан арылудың жолдары:

Қолдың ұйып қалуы

Шамалы күте тұрсаңыз, бәрі өз орнына келетінін бәрі де біледі. Шындығында, егер қол ұйып қалса, басты бірнеше рет айналдыра салу жеткілікті саналады. Көбіне қолдың ұюы мойын бұлшықеттері арқылы жүйке жүйесінің қысылып, тарылып қалуынан болады. Басты айналдырған соң, жүйке босап, ал қолға икемділік қайта орала бастамақ. 

Тамақтың қышуы

Ал осы бір ұнамсыз әсерден арылу оп-оңай. Ол үшін құлақтағы бөбешікті уқаласаңыз, құлақ рецепторлары іске қосылатын көрінеді. Бұл тамақтың тарылуына алып барады, ал ол өз кезегінде тамақ қышуды аз уақытқа болса да жеңілдетеді. 

Ине шаншудан қорқу

Көпшілік инеден қорқып жатады, бұл өз кезегінде көбіне жайсыздық алып келеді. Егер сіз инеден қатты қорықсаңыз, ине шаншу кезінде жай ғана жөтеліп көріңіз, сол заматта сіз еш ауырсынуды сезбейді екенсіз. Жөтелу кезінде кеуде жасушасы мен ми жұлын сұйығында іс-әрекет шиеленісе түсетін көрінеді. Сол арқылы ауырсынатын рецепторлардың сезімталдығы күрт төмендемек. 

Егер сіз саусағыңызды күйдіріп алсаңыз 

Мұндай сәтте күйген тұсқа сау саусақты басыңыз. Күлдіреуден сақтамақ. Әрине, мұз кесегі әлдеқайда тиімді әсер ететін шығар, бірақ сау саусақты қою арқылы күйген тұстың жазылуын жеңілдетесіз. 

Мұрынның бітіп қалуы

Мұрын қуысы сіздің дем алуыңызға кедергі келтірмес үшін, тілмен таңдайды қаттырақ басыңыз, сосын қас тұсын уқалаңыз. Бұл мұрынның бітіп қалуын 20 секундқа арылтады. 

Мұрыннан қан таму

Мұрыннан қан кетудің алдын алу үшін, ол үшін мақтаның бір түйірін қызыл иекке қойыңыз. Бұл мұрын қалқасына қарсы қысымды арттырып, қанның тамуын төмендетеді. 

Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауыруы 

Егер сіз жүгіру кезінде бір бүйіріңіздің ауырғанын сезінсеңіз, ол үшін салмақты сол аяққа тастай отырып, дем шығаруыңыз тиіс. Осы арқылы сіз бауыр етінің диафрагмаға қарсы қысымын төмендетесіз. Оң аяққа аяқ басып, дем шығару арқылы өзіңіздің бауырға қысым арттыратыңызды жадыңызда ұстауыңыз шарт. 

Есіңізде болсын, өз денеңізді алдаудың әдіс-тәсілдері көп, тек сіз қиындық келтірген іс барысына ойлана қарасаңыз болғаны... Ағзаны алдаудың өзге де тәсілдерін білсеңіз, бөлісе отырыңыз?!

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: plus.google.com 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 04 ақпан 2014, 16:05
Пікірлер
+0
04 ақпан 2014, 16:26

Жүгіру кезінде, қатты жүрісте бүйірім ауырып, отыра кеткім келетін кездер жиі болады.

+0
04 ақпан 2014, 17:07

Жоғары қарай көтерілген кезде қысым әсерінен құлақ бітеліп қалғандай болса жұтыну керек екенін бәрі білетін шығар, я? Мен жақында білдім ;)

+0
04 ақпан 2014, 20:50

аяқ ұйып қалған кезде не істеуге болады екен?

+0
05 ақпан 2014, 02:34

Тіф-тіф деп ұшықтаған сияқты қылып істеуге болады :D

+0
05 ақпан 2014, 00:35

ооо мынауың күшті ғой :o

+0
06 ақпан 2014, 18:59

Ине шаншудан өлердей қорқам,, мына әдісті байқап көрем келесіде)

+0
09 ақпан 2014, 00:05

Мен инеден қорықпаймын. Таңға жақын аяғым тартылып қалады. Қатты уқалаймын. Сосын өздiгiнен басылады.

+0
01 мамыр 2014, 13:10

инееееееееееееееее :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.