Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Күйзелістен шығаратын тағы бір жол – аквариум

Күйзелістен шығаратын тағы бір жол – аквариум

Күйзелістен шығаратын тағы бір жол – аквариум

Күнделікті өмірде мазасызданып, күйзеліске бой алдырып жүрген болсаңыз, одан арылудың ұтымды жолын ұсынамыз. Психолог мамандардың айтуынша, мұндайда аквариум ішіндегі балықтар жақсы көмектеседі. Яғни, артық дәрі-дәрмек қабылдап, ағзаны улаудың қажеті болмайды.

Аквариумды үйге де, кеңсеге де қойып қоюға болады. Көңілге жайлылық сезімін сыйлап, жүйкені жұқартатын жұмысты жақсы көруге септігін тигізеді.

Аквариум психологиялық әсермен қатар, өзі тұрған жерге көрік беріп, қонақтардың көзіне бірден ілігеді.

Осы тақырыпқа байланысты аквариумның бірнеше түрін ұсынамыз. Оның бағасын өздеріңіз бере жатарсыздар. Бірінші кезекте аквариум ішінде тіршілік ететін балықтарға лайық таңдалуы тиіс екендігін ұмытпаңыз.

Кейбір аквариумнің ішінде балықтарға бүкіл әлемді аралауға мүмкіндік беретін дүние жүзінің картасы орналасқан. Алтын балықтар әлемді аралап жүрген кезде өзіңіздің армандарыңызды айтып үлгересіз.


Келесі кезекте диван аквариумды ұсынамыз. Аквариум диванның арқа бөлігінде орналасқан. Бұндай аквариумның бағасы 12 000 АҚШ долларын құрайды. Бағасының қымбаттылығымен қоса, оның суын тазалап отыру да қиын. Жылдам сына қоймайтын әйнектен жасалған деп үміттенеміз, олай болмаған жағдайда иесі диванға отырған сайын алаңдаумен болады.


Келесі ұсынатын аквариум «Өзіммен бірге» деп аталады. Оның көмегімен балықтарды әрдайым бірге алып жүруге болады. «Балықтармен бірге қыдыруға болмайды» секілді аргументтер өз күшін жояды.


Кеңседегі өзге қызметкерлерге ұнамаған жағдайда оны жеке үстеліңізге қоюыңызға болады. Ол үшін көлемі кішірейтіліп жасалған немесе суреттегідей түрлері бар.


Үстелдің дәл ортасында орналасқан аквариум – үйдің көркі. Кітап оқып немесе шәй ішіп отырғаныңызда жайлылық сыйлайды. Әдетте үстел мен аквариум бір-бірінен ажырайтындай етіп жасалады. Бұл балықтардың суын ауыстырып, жем беру үшін керек.

 

Дизайнерлердің классикалық үлгіде жасаған аквариумы.

Аквариумнің ішіне өсімдіктерді отырғызуға болады. Бұл жағдайда балықтардың өміріне қолайлы жағдай жасалғандығын қамтамасыз еткен жөн. Бұндай аквариум жасағанда міндетті түрде ауа кіретін тесік қалдыру керек. Осылайша келген қонақтарға үйіңізде бірігіп тіршілік етіп жатқан флора мен фауналарды көрсете аласыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 18 қараша 2013, 17:26
Пікірлер
+0
18 қараша 2013, 18:59

Санамыз тынышталсын деп сатып алып, балықтардың обалына қалармыз. оны күту деген...шыдамым жетпейді

+0
18 қараша 2013, 19:52

Рас айтасың, ұят болса да мойындайын...Олардың суын ауыстырам деп кейде біреуін ағызып алатын кездерім болатын

+0
18 қараша 2013, 19:00

Мен де аквариумдағы балықтарға қарап отырғанды жақсы көрем.

+0
18 қараша 2013, 22:22

аквариумдағы балықты қызықтап отырғанды жақсы көрем. Бірақ, балыққа қарап көрмеппін.

+0
19 қараша 2013, 11:12

Бала күнімде біздің үйлерде көп еді, қазір неге екеннін жоқ. Әкелеріміз біз үшін бағу үшін еді, ал бізде дым жоқ ((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.