Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жұлдыздар тұмаудан қалай емделеді?

Жұлдыздар тұмаудан қалай емделеді?

Жұлдыздар тұмаудан қалай емделеді?

Жылдың қай мезгілі болмасын, кішкене суық тисе болды қозып шыға келетін тұмау ауруы әрбір адамға таныс. Оның алдын алу үшін арнайы вакцина да ойлап табылып, оған жүгіну дұрыс па, дұрыс емес пе деген материал ұсынған едік. Ал ел алдында жүрген, гастрольдік сапарлары қатаң кестемен белгіленіп, кейінге шегерілмейтін жұмысты арқалаған өнерпаздарымыз тұмаудан қалай арылады екен? Осы сұрақты өздеріне қойып көрдік...

Мөлдір Әуелбекова, әнші:
Қара суықта тиген тұмау – ең қауіптісі. Ұзақ жазылмай, созылмалы болып сорыңды қайнатады. Сондықтан болар әсіресе көктем, күз айларының қара суықтарында анам дәрумені бар асты көп пайдалануымызды бақылап отырады. Міндетті түрде ыстық сорпа, үй тағамдары, жеміс-жидек күнделікті ас мәзірінде. Анам өзі медицина қызметкері болғандықтан, «отбасының денсаулық сақтау министрі». Дәріханаға аз жүгінеміз. Халықтық емді дер кезінде қолдансаң болды, кез келген тұмаудың алдын алуға болады. Тұмау оңай дерт емес, тамырына балта шаппасаң, айналаңды пысылдатып, асқындырып алсаң, басқа сан түрлі сырқаттардың қоздырғышы болып кетеді. Сондықтан сақтансаңыздар – сақтайды.

Ғалымжан Молданазар, әнші,
композитор:
Мен тұмауға шалдыққанда дәрі ішпеуге тырысамын. Ата-бабамыз ежелден тұмауды сарымсақпен емдеген ғой. Мен де сол әдіске жүгінемін. Ара-тұра сарымсақ жеп, маска киіп, емделіп шығамын. Оқырмандарға жылы киініп жүріңіздер, ауырмаңыздар деп тілеймін!

Тілек Найман, әнші, композитор:
Мен тұмау тигенде дәрi iшпеймін. Дәріге бір рет жүгінсең, ағза соған үйреніп алатыны бар ғой. Мен көбіне тауық немесе сиыр етін қайнатып, бұрышты молырақ қосып, сорпасын ішемін. Сосын бірден көрпеге оранып, терлеп, жазылып шығамын.

Әйгерім Қалмұратова, жас әнші, Қазақ аруы 2011 байқауының финалисті:
Осыдан 2-3 жыл бұрын жеңіл киінем деп қатты суық тиіп, тұмаумен ауырғанмын. Сонда мен ешқандай химиялық дәрінің көмегінсіз-ақ айығып алдым. Тек ыстық шайға лимон мен бал қосып іштім. Арасында тосапты да араластырдым. Сөйттім де көрпеге оранып, терлеп өзімді өзім емдеп алдым. Жалпы бұрында үлкендер, ата-аналарымыз балаларына сәл суық тиіп жатса осылай, халықтық еммен-ақ, тіпті «түкіріп жіберіп-ақ» емдеуші еді ғой. Содан көргенімді жасағаным ғой. Бірақ содан бері аяқты әрдайым жылы ұстаймын, жылы киінемін. Қыз баласы болған соң болашақ анамыз ғой, барынша өзіме қарап күтініп, салқын су ішпеуге, аяқтан сыз-суық өткізбей қалыңдау киінуге тырысамын. Себебі суықтың барлығы аяқтан өтеді. Түрлі гастрольдер болады, концерттерден асығып терлеген күйі сыртқа шығып кетіп жатамыз. Сондайда ерінбей сахналық киімді шешіп жылы киімдерімді киіп бір-ақ шығуға әдеттендім.

Арнұр Ыстыбаев, тележүргізуші:
Тұмаумен ауырмау үшін, біріншіден, иммунитетімді күшейтемін. Ол үшін, әлбетте, көптеген дәрумендерді қабылдаймын. Дәруменге бай жеміс-жидек, көкөністер жеймін. Ал, егер де ауырып қалсам, асқындырып алмай, тезірек дәрігерге қараламын. Және маман жазып берген дәрілермен емделемін.

Асылжан Өстеміров, «Жебе» тобының әншісі:
Тұмаумен жиі ауырамын дей алмаймын. Құдай бетін әрі қылсын, ауырмайын да. Ешкім де ауырмасын. Бірақ барлық әншілерді мазалайтын секілді мені де салқын күндері тамағым мазалап қояды. Барынша тамағымды күтіп салқын су ішпей, дұрыс тамақтануға тырысамын. Салауатты өмір салтын ұстанамын. Шылым шекпеймін, ішімдік ішпеймін. Десек те, күн суытып салқындай бастағанда тұмауратып, «ауырып қаламын-ау» деп іштей сезіп, алдын ала ем-домымды жасаймын. Ондайда үйге келе салысымен «Терафлюді» ішіп төсекке оранамын. Жалпы «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген жақсы мақал бар ғой. Сол мақалды тұп-тура өзгертпей қолданатын адаммын. Аңшының құралы мылтық болса, әншінің құралы дауысы ғой. Оның үстіне жанды дауыста ән айтатын жерлеріміз көп. Ондайда халыққа «ауырып қалып ем» деп ақтала алмайсың. Сол үшін барынша жылы киініп, тамаққа зияны келетін нәрселерден аулақ жүремін.

Ақылхан Әуелбеков, «Қыран» тобының әншісі:
Жалпы ауру айтып келмейді, «аурудың емін іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Ауырып қалып жатсақ қазіргі дәрілердің түрі көп қой, әуелі Аллаһтың қолдауымен, сосын дәрінің көмегімен жазылып жатамыз. Өзім дәріні көп іше бермеймін, себебі оның да зияны бар. Қанша дегенмен химиялық заттар, бір жеріңе пайдасы болса, енді бірі ағзаңа зияны болуы әбден мүмкін. Мейілінше аяғымды ыстық суға салып, оранып терлеп қайтаруға тырысамын. Ал тұмауратқанда айран, сүт, құрт іздейтінім бар. Ал сауыққанда оларды іздемеймін. Бала кезімізде ата-анамызға жақын болып өстік, біз ауырсақ олардың да жандары ауырады ғой. Сонда анам ауырып қалғанымда кешке күн ұясына батпай жатып қорқытып ұшықтайтын. Содан тез жазылып кететінмін. Ауруды жіберетін бір Аллаһ, оны жазатын да бір Аллаһ. Сондықтан ауырып жатсақ, ең әуелі аурудың емін, шипасын бір Аллаһтан тілеп дәрі ішкен жөн деп ойлаймын. Ал ауырып қалмас үшін суық күнде жылы киініп, зиянды нәрселерден сақ болған жөн. Көбіне бәрін өзіміз зиян екенін біле тұра артығымен жейміз, ішеміз де кейін өкініп жатамыз. Тұмау жұқпалы ауру ғой, сол үшін үйде біреу сырқаттанып жатса, жұқтырып алмаудың алдын алу керек. Қазақ тұмауратса үйді адыраспанмен түтетіп, үйді аластайды. Оның иісінің де тұмауға пайдасы бар.

Серік Нұрмолдаев, «ST-Brothers» тобының әншісі:
Мен тұмаудан қарапайым әдістермен арыламын. Кішкентайымнан дәрі ішуді ұнатпаймын. Сондықтан да, бал қосылған ыстық сүт, лимонмен шай, ас тұзымен тамағымды шаямын.

Алишер Қайратұлы, жас әнші:
Ең бастысы жылы киініп жүру керек. Тұмау - жұқпалы ауру. Сондықтан кейде ауырып жатсам, «Аксолинка» деген дәрі бар соны жағамын. Ауырмасам да аптасына 1-2 рет лимонды пайдаланып тұрамын. Дұрыс тамақтану ең бастысы. Суық тигенде салқын ішіп, терлеп сыртқа шығуға да болмайды. Суық тамақ не сусын да зиян. Алда қатал қыс келе жатыр, күз келіп күн суытып кетті. Сол үшін құрдастарыма, достарыма айтарым барынша жылы киініп жүріңіздер, тұмаудан сақтаныңыздар.

Марат Достаев, Жайдарманшы:
Ауырып қалудан құдай сақтасын. Мен ауырмай тұрып жалпы ешқандай ем қабылдамаймын. Өйткені мен таза қазақпын. Қазақ ауырып, сыздатқанда бір-ақ жүгіретін халық қой (күліп). Ал, ауырып жатсам, ыстық шай ішемін. Сосын сорпаның да пайдасы зор. Ыстық сорпа мен шай, соңынан өзім білетін дәріні пайдаланып терлеуге тырысамын. Мен білетін барлық ем осы. Осыдан кейін айығып кетпесем білмедім енді, «жедел жәрдем» шақыруға жеткізбесін Құдай (күліп).

Айбек Қанатбек, "Парасат" тобының әншісі:
Дәріні көп пайдаланудың зиянды жағы да жоқ емес болғандықтан, емдеудің халықтық тәсілдерін қолданамын. Тұмаудан арылу үшін табаққа қайнап тұрған суды құйып оған 1 түйір картоп пен 1 түйір пиязды турап салып, басымды сүлгімен жауып соның буын 15 минуттай жұтып отырамын. Осылай 3-4 күн бойы жасау керек. Сонымен қатар аяқтарымды ыстық суға 10-15 минуттай салып отырамын. Дәріні мүлде қолданбаймын деуге болады.

Тұңғышбек Мусайф, "Парасат" тобының әншісі:
Аллаға шүкір, Алматыға қоныс аударғалы бері 1 курста ғана бір рет тұмаумен ауырыппын. Негізі, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деген қағиданы берік ұстанып, спортпен шұғылданамын, мейлінше жылы киініп жүруге тырысамын. Жақындарым ауыра қалған жағдайда, вирус пайда болды-ау дегенде бірден пиязды аршып, кесіп терезелердің алдына қойып қоямыз. Таңқурай (малина), лимонмен шай ішіп, тұмауға қарсы дәрі-дәрмекке жүгінеміз.

Ал сіз тұмаудан қалай арыласыз?

Сурет: vk.com, Әлия Сембай

Дайындаған: Анар Мұстафина

19
Рейтинг: +5

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 12 қараша 2013, 15:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.