6 секундта тіс тазалау (видео)

6 секундта тіс тазалау (видео)

Егер кісі баласының ағат кетер тұстарын (бір нәрсені дұрыс істемейтін) тізбелеп жатар болсақ, онда ең алдымен тіс тазалау туралы айтылары анық. Әрине, көпшілік уақыттың жетпей жатуын сылтауратуы мүмкін. Ендеше, таяуда ауыз қуысын алты-ақ секундта тазалайтын тіс щеткасы шыққанын айтқымыз келеді. Алты-ақ секундта... 

Blizzident тіс щеткасымен ауыз қуысын толық тазалауға бар-жоғы 6 секунд кетеді. 

Мәсуекке иелік ету үшін адам тіс дәрігеріне жолығып, тістің көшірме үлгісін жасатуы қажет. Сол арада көшірменің сандық 3D үлгісі Blizzident компаниясының серверіне жалғанып, компания тапсырушыға пластикті тіс көшірмесін (400 тіс тазалау қылшағынан тұратын) жасатады. 

Тісті тазалау үшін, адам көшірмені жай ғана ауыз қуысына салып, ары-бері шайнаңдауы қажет. Алты секунд шайнаңдаудан соң, ішкі қылшықтар тіс қуысының ең бір түкпірлерін, жарықшақтарын тазалап шығады. 

Щетканың құны екі жүз доллар шамасында. Дегенмен, уақыт үнемдеуге таптырмас құрал саналуда. 

Ұмытпай тұрғанда, щетканың тіл тазалауға арналған түрі де шыққанын айта кеткіміз келеді. Оны бір жылда бір ауыстырып, дәрігенмен кеңесіп отырады екенсіз. 

* * *

Қалай ойлайыз, бағасы қымбат болса да, осындай тіс щеткаларын алып тұрған дұрыс па?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: futuristech.info

Л. Лига