Білімді болудың кері әсері

Білімді болудың кері әсері

Оқу орындарын қызылмен бітіріп, қызылкеңірдек болып кеткен ағайындар бар. Тез ашуланады, шамданады, одан қалса, ешкімнің мінезін көтере алмайды. Кешіре алмайды. Түсінбейтін боларсыз. Онда бельгиялық ғалымдардың зерттеуіне көз жүгіртіңіз.

Мұны эволюцияның қосымша белгісі деп қарастыратын ғалымдар бар. Олардың тұжырымдауынша, адам миының қабілеттілігінің төмендеу мен тітіркену сыры ақпараттың толассыз ағынынан екен. Шындық шығар, интернетке шырмалған әлемде ақпарат ата-ана мен бала арасына, алыс-жақын мен аяулы жандардың ортасына қабырға салуда...

Керемет оқу-білімнің қосалқы эффектісі болып әртүрлі психикалық аурулар мен ауытқулар туындауы мүмкін. Мұндай қорытындыға Гента университетінің зерттеушілері жан-жақты зерттеулерден соң келіп отыр. Олардың пікірінше, бір, не болмаса екі жоғары оқу орнын біткен адамдар өз білімдері мен біліктерін толықтай пайдаға асыра алмау салдарынан психикалық жарақат алып қалуы әбден мүмкін. 

"Артық ақылман" саналатын жандардың көпшілігі психикалық ауытқушылыққа бір табан жақын тұрады. Көпшілігі депрессияға шалдығады. Мұндай пікірге бельгиялық Гента ғылым ордасының ғалымдары келуде. Зерттеу барысында білікті мамандар 25 жас пен 61 жас аралығындағы 17 мың адамды басты нысанға алған. Профессор Пьет Браке бастаған топ мүшелері ат салысқан. Білімдері "жұмыстарына тым артық" жандар ауруға тез шалдығып қалу қаупінің алдында болып шыққан. 

"Біздің ойымызша, бұлай болу себебі, олардың жұмыстары жаңа бір нәрсені білуге ынталандырмайды. Сонымен бірге,  олар ұжым ішінде қиын жағдайға тап болады. Өз білім иелігінде ол өзгелерге арқа сүйемей, еш жерден қолдауды қажет етпейді. Мұның өзі де проблемаларға алып келуі мүмкін" - дейді Пьет Браке. 

Профессордың сөзіне сенсек, егер бір мемлекет ішінде жоғары білімді адамдарға жұмыс көзі тапшылық етер болса, бүкіл қоғам ауруға шалдығуы мүмкін екен. Бұл ретте, Пьета Браканың сөзімен айтқанда, мансап жолының алғашқы бастауында төмен құзырға орналасқанның еш жамандығы жоқ. Бастысы, өсіп-өркендеудің мүмкіндігін көру керек. Сонда барып адам психикасына еш нәрсе қатер төндірмек емес. 

Таяуда зерттеушілер көбіне интеллектісі жоғары деңгейдегі адамдардың ішімдікке салынып кететінін анықтап еді. "Егер бір кештің ішімдік тұтыну мөлшерін бағамдар болсақ, интеллектісі жоғары адамдар көбіне көп ішеді" деп Дьюк Университетінің ғалымдары сендіруде. Себеп-сырын әлі мамандар түсіне алмауда.

Кейбір зерттеушілер мұны эволюцияның қосымша белгісі деп қарастырады. Олардың тұжырымдауынша, адам миының қабілеттілігінің төмендеу мен тітіркену сыры ақпараттың толассыз ағынынан.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: globalconflict.ru

Л. Лига