Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ағзада йодтың шамадан артуы

Ағзада йодтың шамадан артуы

Ағзада йодтың шамадан артуы

Әдетте ағзаға йод жетіспейді деп естіп үйренгенбіз. Бірақ йодтың қажет шамасынан тым артуы да денсаулыққа пайдалы емес. Мұндай ауру алыс шет елдерге, теңіз жағажайына дем алып келген туристерде байқалады.

Естеріңізге сала кетсек, йод теңіз балдырларынан бөлінеді. Ол теңіз тағамдарында, теңізде, тіпті теңізден буланған ауада болады. Сол себепті теңіз жағалауына дем алуға барған туристер йодтың жақсы мөлшерін қабылдап кетеді екен. Егер оған дейін сіздің ағзаңызда йод жеткілікті шамада болса, мұндай демалыстан кейін оның шамасы дереу өсіп кетіп, ол денсаулығыңызға әсер беруі мүмкін.

Әрине, теңізден алыс тұратын болсаңыз, сіздің ағзаңызда йод аз болады. Ғалымдардың айтуынша, демалысқа шығып, теңіз жағажайларына баруды аңсау ағзаның осы йод жетіспеушілігіне байланысты екен. Йод гармондар синтезі үшін қалқанша безіне өте қажет екен.

Бірақ қандай пайдалы зат болмасын, әр нәрсенің шегі бар. Сол сияқты йодтың қажет шамасынан артуы да зиян бола алады. Теңіз маңында жүргенде сіз теңіз тағамдарын жеп, теңізде шомылып, теңіз ауасымен демалып, ағзаны йодқа әбден қанықтырасыз. Осыншама йодтың шамасын өмірі көрмеген қалқанша безі сол кезде "есінен танып", гармондардың бөлінуі бұзылады.

Тиреотоксикоз немесе йодпен улану кезінде адамның дене температурасы 37,5-39 градусқа дейін көтеріледі. Қан қысымы секіре бастайды (жоғарғы қысым көтеріліп, төменгі көрсеткіш керісінше кемиді). Бір сәтте дала тым ыстық болып сезіледі, тамыр соғуы жиілеп, самайыңыздағы қан соғуын сезгендей боласыз. Ауа жеткіліксіз болып, тәбетіңіз қашады. Қолдарыңыз дірілдеп, құсқыңыз келеді. Көңіліңіз кетіп, ұйқысыздық басталады.

Мұның бәрі теңіз тағамдарын тым көп жеуден болуы мүмкін. Демалысқа келген бойда балық, теңіз шаяндарын, балдыр, сушиді көптеп жемеңіз.

Расымен, осы дертке шалдыққаныңызды білгіңіз келсе, қарныңызға йодпен тор салыңыз. Сары дақтар 2 сағаттын ішінде жойылып кетуі керек, керісінше жағдайда ағзадағы йодтың мөлшері тым көптігін көрсетеді. Тамырдың соғуын өлшеңіз, егер ол 80-90 болса, демалып, тынышталып, қайта санаңыз. Ол кемімеді ме? Ендеше ағзаңызда йод тым көп екенін біліңіз.

Мұндай жағдайда сізге дереу теңіз тағамдарын жегенді тоқтату керек. Температураны түсіру үшін аспирин және басқа да салицилат тобының дәрілерін (седальгин, аскофен, цитрамон, цефекон) қабылдамаңыз. Күннен қорғайтын көзәйнектер киіп, көзді күннен қорғаңыз. Тамыр соғуын басу үшін көзді жұмып, көздерді саусақтармен ақырын уқалаңыз. Жағажайға баруды жазылғанша доғарған дұрыс. Әрине мүмкіндік болса дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: momscorp.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 тамыз 2013, 08:37
Пікірлер
+0
29 тамыз 2013, 13:25

менде тұз аз шығар теңіз тағамдарын онша ұнатпағандықтан жемеймін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.