Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Дәрі-дәрмексіз емделсек...

Дәрі-дәрмексіз емделсек...

Дәрі-дәрмексіз емделсек...

Денсаулығы мықты болса, адам баласы әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады. Осы қалпыңызды сақтап, қажет болғанда жылдам көмекке келетін кеңестерімізді оқып көріңіздер.

1. Тамағыңыз жыбырласа

Құлағыңызды қолыңызбен қатты басып уқалаңыз. Құлақ жүйкесін қалпына келтірген кезде, тамақтың бұлшық еттері жиырылады. Бұл жағымсыз жыбырлаудан арылуға септігін тигізеді.

2. Сыбырлап айтқан сөзді түсінбеген болсаңыз

Сыбырлаушыға оң құлағыңызбен бұрылыңыз. Оң құлақ жылдам айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Ал егер ақырын ғана шығып жатқан әуенді тыңдағыңыз келсе, сол құлағыңызды тосыңыз. Ол әуенді оң құлағыңызға қарағанда жақсы айырады.

3. Инеден қорықсаңыз

Ине егіп жатқан кезде жөтеліңіз. Жөтел кеуде жасушалары мен жұлынның қысымын жоғарылатады. Бұл ретте ауырғанды сезіну рецепторлары жаншылып, ауырғанды сезбей қаласыз.

4. Мұрныңыз бітелсе

Тіліңізді аспанға шығарып, қасыңыздың екі ортасын саусағыңызбен басыңыз. Нәтижесінде трапецияға ұқсаған мұрын желбезектерінің сүйегі орнынан қозғалып, жеңілдейсіз. 20 секундтан кейін мұрныңыз ашыла бастайды.

5. Түнде асқазаныңызды қыжыл мазаласа

Сол жақ бүйіріңізбен ұйықтаңыз. Мұндай қалыпта ұйықтау оттектің өңешке өтіп кетуінен қорғайды. Өңеш пен асқазан белгілі ара-қашықтықта орналасқан: оң жағыңызбен ұйықтаған кезде асқазаныңыз жоғары болып, сол жағыңызбен ұйықтаған кезде керісінше төмен түседі, одан оттектің өтуі қиындайды.

6. Тісіңіз ауырса

Ауруды аузыңызды ашпастан жеңілдетуге тырысыңыз. Төртбұрышты мұзды алып V тәріздес бас бармақ пен сұқ саусағыңыздың ортасына орналастырыңыз. Тісіңіздің ауырғаны жартылай басылады: осы екі саусақтың арасындағы жүйке талшықтарының қалпына келуі мидың ауруды сездіру қабілетін төмендетеді.

7. Саусағыңызды күйдіріп алсаңыз

Күйген жеріңізді басқа саусағыңыздың ішкі бөлігімен басыңыз. Мұз ауруды тез басқанымен, артынан тері күлдіреуі мүмкін. Ал оның орнына саусағыңызды қойсаңыз, тері қалыпты температураға түсіп, күлдіреуді болдырмайды.

8. Жүгіргеннен кейін бүйіріңіз шаншыса

Сол аяғыңызды басқан сайын дем шығарыңыз. Адамдардың көбісі оң аяғы жерге тиген сайын дем шығарады. Бұл оң жақта орналасқан бауырға қысым түсіреді. Осының салдарынан диафрагмаға ауырлық түсіп, бүйіріңіз ауырады.

9. Мұрныңыз қанаса

Жоғарғы жақ қызыл иегіңізге мақта қойып, қатты қысыңыз. Көп жағдайда қан мұрынның алдыңғы бөлігінен ағатындықтан, оны осы тәсілмен тоқтатуға болады.

10. Жүрегіңіз жылдам соқса

Бас бармағыңызға үрлеңіз. Ауаны жұтынған кезде жүрек соғысы жиіленіп, сыртқа шығарған кезде керісінше соғуын ақырындатады.

11. Қолыңыз ұйып қалса

Басыңызды айналдырыңыз. Қолыңызға бір минут болмай ішінде жан біткенін байқайсыз. Мойын бұлшық еттерінің жүйкесі зақымданған кезде осындай жағдайлар жиі болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mirtv.ru

14145 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 18:15
Пікірлер
+0
26 тамыз 2013, 23:58

Мен іздеген керек дүние екен. Түртіп алдым. Неге Массагет порталында керек постыңды таңдаулыларыңа қосып алу жоқ? Яғни, кейін есіңе бір түскенде оңай

+0
26 тамыз 2013, 23:59

(жалғасы) тауып алатын? (басылкеттіше :oops: )

+0
27 тамыз 2013, 00:00

Ие, фб парақшама сақтадым)

+0
27 тамыз 2013, 00:13

2, 5тен басқасынын бари менде болады. Рахмеет көп!

+0
27 тамыз 2013, 08:19

Менің мұрным жиі бітеліп қала береді, әдісті жасап көрмесем

+0
27 тамыз 2013, 09:57

Барынша дәрілерсіз емделген дұрыс қой

+0
27 тамыз 2013, 14:02

керек кенестер екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...