Мәңгілік серігіңіз жайында не білесіз?

Мәңгілік серігіңіз жайында не білесіз?

1. Орта жастағы адамның жүрегі шамамен минутына 72 рет, күніне 100 000 рет, жылына 3 600 000 рет және өмірінде 2,5 миллиард рет соғады.

2. Адам ғұмырындағы жүрекпен айдалған қанның мөлшері 45 жыл тоқтаусыз аққан құбыр суымен тең.

3. Жүрекпен айдалған қанның 1 минуттағы мөлшері 5 литрден 30 литрге дейін барады.

4. Жүрек күніне көлікке отырып 32 километрді жүріп өтетіндей қуат өндіреді. Ал толығымен есептесек, Айға ұшып, қайтып келуге жарайтын қуатпен тең.

5. Жүрек электрлік импульс өндіретіндіктен, адам денесінен ажыраған кезде де соға береді. Тек қажетті оттек болса, болғаны.

6. Іштегі нәрестенің жүрегі шамамен минутына 140 рет соғады. Ал 12 апта мерзімінде жүрегі 28 литр қан айдайды.

7. Жүрек ағзаның 75 триллион жасушасын қанмен қамтамасыз етеді. Тек көздің мүйізгек қабықшасынан басқа.

8. Жүрек адам өмірінде 5,7 миллион литр қан айдайды.

9. 5% қан жүректе сақталса, 15–20% ми мен орталық жүйке жүйесінен, ал 22% бүйректен орын алады.

10. Жүректің дүрсілі клапандарының сарт етіп жабылуымен байланысты.

11. Жүрек жүктіліктің төртінші аптасынан бастап, өміріміздің соңына дейін соғады.

12. Жаңа туған нәрестенің қан айналымында бір шәшкедей ғана қан болады.

13. Ежелгі мысырлықтар жүрек пен басқа мүшелерді ауыстырып салуға болады деп ойлаған.

14. Платонның пайымдауынша, ой мидан бастау алып, жүрек арқылы іске асады.

15. Кокаин жүректің активті белсенділігіне әсер етеді және артерияның құрысуына алып келіп, сау адамды да жүрек талмасына ұшыратуы мүмкін.

16. Әйел адамның жүрегі ер адамдікіне қарағанда, жылдам соғады. Ер адамдікі минутына 70 рет, әйел адамдікі 78 рет соғады.

17. Дене тыныштық қалпында болғанда, қан жүректен өкпеге 6 секундта, миға 8 секундта, саусақтарға 16 секундта барып қайтады.

18. Стетоскопты француз ғалымы Rene Laennec (1781–1826) ойлап тапқан.

19. Жүректің сорғы (насос) секілді жұмыс жасайтынын Хиос дәрігері Erasistratus (б.з.д. 304-250 жж) болжаған.

20. Гален қанды жүректің өзі өндіретіндігін айтқан. Алайда Уильям Харвидің 1616 жылы табылған жаңалығы мұны жоққа шығарып, қанның шеңбер бойымен айналатындығын дәлелдеді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:abali.ru

Қ. Бүйенбай