Түнгі ұйқыда мыналардан аулақ болыңыз

Түнгі ұйқыда мыналардан аулақ болыңыз

Ертеден кешке дейінгі тіршілік, жұмыс секілді түнгі ұйқының да жан иесі үшін ерекше маңызы бар. Түн ортасында ұйқының шәйдай ашылып кетуі мидың қалыпты жұмыс жасауына үлкен кедергілік жасайды. Сондықтан, түнгі ұйқыдан оянған сәттерде мынадай істерден аулақ болыңыз. Керісінше, ұйқы демалысын жалғастыруға тырысыңыз.

  1. Шырақты қоспаңыз. Егер түнде оянғанда өте жарық шырақты жақсаңыз, жарық энергиясы нерв жүйесі мен дене мүшелерін дереу қозғалысқа келтіріп, қайта шырын ұйқыға батуға ықпал етеді. Сонымен бірге өзге ұйқыда жатқан адамдарға да әсер етеді. Сондықтан жарығы әлсіз үстел шырақтарын ғана іске қосыңыз.
  2. Суық су ішпеу. Күз, қыс маусымы өте құрғақ болатындықтан, ұйықтаған кезде кеңірдек құрғап тұрғандай сезіледі. Оның үстіне терлеген адам да шөлдегендей сезінеді. Мұндай кезде суық су және салқын сусындық ішуден сақтаныңыз. Жылы, қайнаған су ішкеніңіз жөн. Суық су ұйқыдағы барлық нерв жүйелерін тітіркендіреді.
  3. Аяқты жылы ұстау. Түнгі ұйқыдан оянғанда, жалаң аяқ жер басуға болмайды. Ұйықтаған кезіңізде де аяқты жылы ұстағаныңыз жөн (мейлі жаз күндерінде де).
  4. Уақытқа қарамаңыз. Түнде оянғанда алаңдаушылықпен уақытқа қарамаңыз. Қалған уақытты тұрақтандыру адамға мазасыздық әкеледі. Ұйқы да сәби секілді. Мейлі ояну уақытыңызға қаншалықты қалса да, әсте сағатқа қарамаңыз. Бұл ұйқыдағы нерв жүйелерін «алдаусыратып» ұйықтату болмақ. Сондықтан сағат қоңырау шалмайынша, уақытқа қарамаңыз.
  5. Телефонмен айналыспау. Түнде оянғанда телефонды алып келте хат көру немесе тез ұйықтаймын деген ниетпен телефонда ойын ойнау, интернетке шығу үлкен миға зардап әкелетінін ескеріңіз. Мұндай сәттерде уақыт білінбей өте шығады. Ұйқы ашылып, қайта ұйықтауға мүмкіндік болмайды. Сондықтан ұйықтағанда телефонды алыстау жерге қойғаныңыз немесе сөндіріп тастағаныңыз жөн. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек