Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжені тауып алды

Әнші Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжеге арнайы барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Зылиқа Нұрбекова есімді әженің видеосы тараған еді. Зейнеткер Сәкен Майғазиевтің өзі де, дауысы да әдемі екенін, оны көруді армандайтынын айтқан болатын.

Әнші өзін көргісі келіп жүрген кейуананы арнайы іздеп барып, батасын алды.

"Аллаға шүкір, Зылиха әжеме барып, маңдайынан сүйіп, батасын алу бақыты бұйырды", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды.

"Бала сияқты мәз", "Сіз кереметсіз ғой, апамыз мықты жасай берсін", "Жаныым, Сәкеш! Ризамын!!!", "Апамның көңілі бір жасарып қалған екен. Алла қуат берсін. Сәкешке мың алғыс, қарияның батасы қабыл болсын!", "Қандай азамат, әженің бір сөзін тастамаған, Алла отбасыңа амандық берсін!" - дейді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!