"Иә" дедім". Танымал қазақ актрисасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққалы жатыр

Актриса Фариза Ескермес тұрмысқа шыққалы жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Мен ең мейірімді, керемет адамға "иә" дедім! Бұл кешті өмір бойы ұмытпаймын. Үнді мұхиты, жұлдызды аспан, ең керемет ер адам жанында, ең дәмді кешкі ас және жаңа гауһар тасты жүзік", - деді ол.

Айта кетейік, Фариза Ескермес - Джейран тобының экс-солисі. Ол "Ақжауын", "Кебенек", "Дала қырандары", "Бажа" сияқты бірнеше сериалға түскен.

Еске салайық, бұған дейін ол таңдауы өзге ұлтқа түскенін айтты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!