"Сен "бар" деген сезім жан-жағын толық қылып тұратын..." Жайна Сламбек Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы туралы айтты

"Сен "бар" деген сезім жан-жағын толық қылып тұратын..." Жайна Сламбек Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы туралы айтты
Фото: ©Ярослав Радловский

Танымал журналист Жайна Сламбек әлеуметтік желіде Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы Владимир Рерих туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлімнің әкесі қайтыс болды. Владимир Рерих. Ол кісі кәсіби білікті, өте білімді, болмысы шығармашыл адам еді. Қарама-қайшылығы да бар, өте қызық, терең адам болатын. Менің досым Дана бірнәрсені сезгендей, жаңа жылдың алдында Әлімді апарып әкесімен жүздестіріп қайтқан. Хабарды естіген бойда соған "шүкір" дедім. Құрбымның тереңнен ойлайтын қасиетіне ризамын.
Әлім әкесіне хат жазыпты. Өзі көрсетті. Оны жариялауға қақым жоқ, тек бала махаббатына тұнған сезімге толы хатты Рерихтің оқымайтыны өкінішті. Жатқан жерің жайлы болсын, Владимир Ахмадянұлы! Әлімді Дана мықты азамат қылып өсіреді. Оған күмәнім жоқ. Тек сен алыста - Германияда тұрсаң да, "бар" деген сезім жан-жағын толық қылып тұратын..." - деп жазды ол.

Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиаменеджер. Владимир Рерих 66 жаста еді.

Еске салайық, бұған дейін тележүргізуші Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі, журналист Владимир Рерих Берлинде дүниеден озғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова