Онколог қартаюды баяулататын қолжетімді өнімді атады

Қарапайым қырыққабат құрамындағы С, Е дәрумендері және табиғи антиоксидант – бета-каротиннің арқасында жасушалардың қартаюын баяулата немесе тоқтата алады. Бұл жайлы онколог Андрей Воробьев "МедикФорум"-ға айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, қырыққабатта тағамдық талшықтар өте көп. Олар ағзаға уыттарды сыртқа шығаруға және асқорытуды жылдамдатуға көмектеседі. Сондай-ақ қырыққабатта қабынуды азайтуға көмектесетін антоциандар деп аталатын антиоксиданттар бар.

Зерттеу бойынша, қырыққабат жүрек-қан тамырлар қаупін азайтады. Бұл көкөніс жүрек-қан тамырлар жүйесінің саулығы үшін керемет таңдау. Себебі оның құрамында антоциандардың 36 түрлі типі бар.

"Қырыққабат С және К дәрумендеріне бай", - дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, қырыққабаттағы көп мөлшердегі фитостеролдар мен ерімейтін жасұнықтар асқорыту жолының саулығын сақтап, үлкен дәретке жүйелі түрде барып тұруға көмектеседі.

Сонымен қатар, қырыққабат қабынуды азайтып, кей аурулардың даму қаупін төмендетеді. Оған қоса, қырыққабаттың бағасы арзан және ол тағамдарға ерекше дәм сыйлайды.

Оқи отырыңыз: Қартаюды баяулату үшін рационнан алып тастау керек 7 өнім