- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күнде аш қарынға...
Күнде аш қарынға бір қасық зәйтүн майын ішсе ағзада не болады?
Таза зәйтүн майы денсаулыққа пайдалы. Күнделікті таңертең зәйтүн майын тұтынса ағзада не болатынын анықтап көрейік.
Біріншіден, аш қарынға бір қасық зәйтүн майы ас қорыту жұмысын ынталандыруға көмектеседі. Ол іш жүргізетін әсерге ие болғандықтан, іш қатуды жеңілдетуге және нәжісті жұмсартуға көмектеседі. Себебі зәйтүн ішек бактерияларының өсуін қолдайтын және ішек қозғалғыштығын ынталандыратын қанықпаған май қышқылдарына бай.
Екіншіден, зәйтүн майы бауырды қорғайды. Ол ағзадағы улы заттардан туған бауырдың тотығу стрессін теңестіре алады, осылайша ағза жасушаларын қорғайды.
Үшіншіден, майдың құрамындағы олеин қышқылдары жүректі қорғайды, холестеринді төмендетеді және қан тамырларының серпімділігін сақтайды.
Сонымен қатар, зәйтүн тырнақ пен шаштың күйін жақсартып, нығайтатын биотинге бай. Зәйтүн майын ішсеңіз де, шашыңыз бен тырнаққа жақсаңыз да, оң әсер береді.
Айта кетейік, бұған дейін зәйтүн майының бала көтеруге септігін тигізетіні хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жонғар хандығын неліктен «көшпелілердің соңғы империясы» деп атайды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә