Жұмыртқа, зәйтүн майы: бала көтеруге көмектесетін диета анықталды

Жұмыртқа, зәйтүн майы: бала көтеруге көмектесетін диета анықталды
Фото: unsplash.com

Бала көтере алмау - әлемдегі өзекті пробеламалардың бірі. Бедеулікпен дәрігерлер түрлі әдіспен күреседі. Ал Оңтүстік Австралия ғалымдары бала аңсап жүрген ерлі-зайыптыларды жерортатеңіздік диетаға көшуге шақырады.

Nutrients журналына Монаш Университеті, Саншайн-Кост Университеті және Оңтүстік Австралия Университеті жүргізген зерттеудің нәтижесі жарияланды. Ол италиялықтардың, испандардың және гректердің сүйікті рационы шәует (сперма) сапасын арттыратынын, әйелдердің ұрықтылығын жақсартатынын және қосымша репродуктивті технологияны тиімді ететінін дәлелдейді.

"Бала көтергенге дейін тамақтануды өзгерту - ұрықтандыруды жақсартатын тиімді құрал. Себебі ағзадағы түрлі қабынулар ерлер мен әйелдердің ұрықтылығына әсер етеді. Бірінші жағдайда - етеккір циклі мен ұрықтың бекіну процесі, ал екінші жағдайда сперматозоидтар сапасы қиналады", - дейді дәрігер және зерттеуші Эванджелин Манциорис.

Жерортатеңіздік диетаға қабынуға қарсы қасиеттерге ие өнімдер кіреді. Ол көп қанықпаған майлардан (зәйтүн майы, зәйтүн, майлы теңіз балығы) және флавоноидтардан (жасыл жапырақты көкөністер) тұрады. Бұл диетада қызыл ет мөлшері аз.

Сондай-ақ мұндай рационда көп көкөніс, тұтас дәнді дақылдар, жемістер, бұршақтылар, жаңғақтар және дәмдеуіштер болады. Ақуыз көздері - йогурт, ірімшік, балық, теңіз өнімдері, жұмыртқа.

"Жерортатеңіздік диета, сөзсіз, әлемдегі ең пайдалы диеталар қатарына кіреді. Ол бала аңсап жүрген жұптар үшін шешуші фактор болуы мүмкін", - дейді Монаша Университетінің зерттеушісі Саймон Алези.

Ескерте кетейік, жерортатеңіздік диета сондай-ақ жүрек-қан тамырлар ауруларының және семіздіктің даму қаупін азайтады. Жерортатеңіздік диетаның негізгі ережелерін мына жерден оқи аласыз.

А. Жапатова