"Тағы бір Жәнібек бар": бельгиялықтар асырап алған балаға қатысты тың дерек шықты

"Тағы бір Жәнібек бар": бельгиялықтар асырап алған балаға қатысты тың дерек шықты
Фото: Қымбат Досжанның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баланың оқиғасына қатысты тағы бір деректі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистің сөзінше, Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқан. Бақытымызға орай, оның анасы табылыпты.

"Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. 

Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер", - деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kymbat Doszhan (@kymbatdoszhan)

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы Жәнібек анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кейін "Бармысың, бауырым?" және "Көреміз" редакциялары Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады. Ал виза мерзімі біткен Жәнібек елден кетті. Алайда іздеу әлі жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова