"Сол кезде "үйленейік" дегенде кетіп қалмағаныма өкінемін". Мақпал Жүнісова ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті

"Сол кезде "үйленейік" дегенде кетіп қалмағаныма өкінемін". Мақпал Жүнісова ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына жас кезіндегі суретін жүктеп, оқырмандарына жан сырын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жас кезіндегі кейбір әрекеттері үшін өкінетінін жасырмады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Әнші желі қолданушыларының сұрағына жауап берді. 

"Суретте 16 жаста емеспін. 16 жасымда қасым қалың, көзді бұлай бояған жоқ едім. Кірпігімді анда-санда көтеріп қоятынмын. Бұл 19 немесе 20 жасым болуы керек. Сол кезде үйленейік дегенде, неге кетіп қалмадым деп осы шақта өкінетін сәттер болатын боп жүр. Кейде ойланып отырып өз-өзіме айтам, мүмкін Зәкеңе дөрекі сөйлеп, қысқа юбка киіп, жабыстырып шалбар киіп, шашты сарыға бояп, боқтық әңгіме айтқанда маған жоламай, өзі қашып кетер еді ғой. Өте сұлу болған да қауіпті екен", – деп жазды өнер иесі. 

Өнер иесінің оқырмандары оның жас шамасын да анықтап, пікірлерін білдірді.

"16 жастағы Мақпал", "қобаға мұрын, қой көзді, ақша бетті нұр жүзді" деген жыр жолдары бар, сол осы Мақпалға айтылғандай дейді менің анам", "алма мойын, аршын төс, қиылған қас, қолаң шаш, қыпша бел, сүйрік саусақ, ақша беттің нақ өзі болып тұрсыз", "талай жігіттің арманы болып жүріп, Зәкеңдей азаматқа жар болғанына қуаныштымын" деп жазды олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы