"Менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.." Бельгиялықтар асырап алған бала жантебірентер жазба жариялады

"Менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.." Бельгиялықтар асырап алған бала жантебірентер жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін - бельгиялықтар асырап қазақтың баласы Эдди Жанның туған күні. Туған кезде Жәнібек деген есім алған жігіт әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл күн өзімен ауысып кеткен баланың да туған күні болуы мүмкін.

"Достар, 17 қаңтар- менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.. 17 қаңтар құжат бойынша менің туған күнім, иә... туған күнім сияқты! 22 жасқа толдым! 22! Бұл менің сүйікті саным, Құдай маған кереметке, жаңалыққа толы жыл сыйлайды деп сенемін. Менің болашақ жоспарларымның бастысы - замандастарымның биологиялық ата-анасын табуға мүмкіндік берсе екен деймін. Бүгінгі туған күнімде өзіме де, сіздерге де арман-мақсатымыз орындалып, өзіміз қалағандай өмір сүруді тіледім. Қазақстан халқы! Осыншама жылдардан кейін туған анасын іздеп, туған жерін аңсап келген маған жылу сыйлап, мейірім көрсеткендеріңіз үшін рақмет!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Желі қолданушылары Жәнібекке арманына жетуге тілек білдірді.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кейін "Бармысың, бауырым?" және "Көреміз" редакциялары Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады. Ал Жәнібек виза мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова