"90 күннен кейін күйеуге шығуың керек" деді". Жанар Айжанова өзінен 5 жас кіші жігіт неке ұсынғанын айтты

Халық әртісі, әнші, актриса Жанар Айжанова бірінші күйеуі қайтыс болғанына жыл толмай жатып, өзінен 4-5 жас кіші жігіт неке ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Adal Adam Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.  

"Баяғыда бір ертеректе осымен жолдасым қайтыс болғанда менен 4-5 жас кіші жігіт жын ұрғандай үйге жетіп келді. Өзінде сақал шықпайды, 5-6 сақалы бар, аузына салып отыр соны. Күйеумінің қайтыс болғанына жыл да болған жоқ, босанғаным жаңа. "Жанар, 90 күннен кейін күйеуге шығуың керек. Өзіңе күнә жасап жүрсің" дейді. Мен ұрып үйден шығардым. Сонда маған "байға ти" деп келіп отыр. Адасушылық қой ол", - дейді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!