"Өзімді кінәлай бастадым". Ұлықпан Жолдасов шәкірті үшін уайымға салынғанын айтты

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасовтың шәкірті Ринат Оразов жақында қар құрсауында 3 күн қалып қойған. Ұлықпан Жолдасов шәкірті байланысқа шықпағанда уайымға салынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Оян" бағдарламасында бөлісті. 

"Мынау қалай болып кетті. Бұрын ауылға кетемін дегенде жібере салу керек еді. Бекер шақырдым, ауылда жүре беретін еді ғой" деп өзімді кінәлай бастадым. Жолдасым шәкіртімнің әйелін жұбатты. Әйелі жаман болып кетті. Бірақ кейін аман табылды деген ақпарат жетті. Біреулер "екі саусағы үсіп кетті, саусағын қасқыр жеп қойды" деді. Бұлар 10 шақырым жүріп көрген ғой, сол кезде қасқыр көрген. Шүкір, аман-есен табылды", - дейді Ұлықпан Жолдасов. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!