Ғалымдар бүйректі тастан қорғайтын сусынды атады

Ғалымдар бүйректі тастан қорғайтын сусынды атады
Фото: ©️ depositphotos.com

Бүйрек тастарының кейбір түрлерінің пайда болуын болдырмау үшін зәрдің рН деңгейін көтеру ұсынылады. Journal of Urology журналында жарияланған зерттеу көрсеткендей апельсин шырыны зәрдің жеткілікті сілтілі деңгейін қамтамасыз ете алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.Ru-ға сілтеме жасап. 

Апельсин шырынында сілтілі суға қарағанда шамамен 150 есе сілтілілікті арттыратын заттар бар. Пісіру содасы да пайдалы болуы мүмкін. Бірақ ол құрамындағы натрийге байланысты қан қысымыңызды жоғарылатуы ықтимал.

Өндірушілер несептің қышқылдығын төмендете алады деп мәлімдеген сілтілі суға келетін болсақ, ғалымдар оның бүйрек тастарының пайда болуына жол бермеу үшін зәрдің рН деңгейіне жеткілікті әсер ете алмайтынын анықтады.

Сілтілі судың тастың пайда болуына жол бермеу мүмкіндігін бағалау үшін ғалымдар су мен басқа да сусындардың бес маркасын талдады. Кәдімгі судың рН мәні шамамен 7,5, ал сілтілі судың рН мәні 8-ден 10-ға дейін. Дегенмен, талдау сілтілі судың зәрдің рН деңгейін көтере алмайтынын көрсетті. Яғни бұл дененің табиғи қышқыл өндірісін өтеу үшін жеткіліксіз.

Зерттеушілер бүйрек тастарының алдын алуда сілтілі судың пайдасы мен зиянын нақты дәлелдеу үшін пациенттерде клиникалық сынақтар қажет екенін атап өтті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов