Көліктің дөңгелегін сорғысыз қалай үруге болады? 4 лайфхак

Көліктің дөңгелегін сорғысыз қалай үруге болады? 4 лайфхак
Фото: pixabay

Алыс жолда сорғыны алып жүру маңызды. Себебі көліктің бір емес, бірнеше дөңгелегі жарылуы мүмкін. Дөңгелекті жамағаныңызбен, оны үру кезінде қатты қиналатыныңыз анық. Көліктің дөңгелегін сорғысыз қалай үруге болады? Massaget.kz тілшісі біліп көрді. 

  • Бірінші әдіс

Көлік дөңгелегін үруге арналған клапанды келтеқосқыш (штуцер) арқылы  негізгі тежегіш цилиндріне жалғау керек. Алайда алдымен целиндр бойындағы тежегіш сұйықтығын толығымен ағызып жіберу керек. Содан кейін сұйықтықты ауыстырғандағы секілді тежегіш педальін қайта-қайта басыңыз. Сол кезде тежегіш жүйесінен бөлінген ауа арқылы көлік дөңгелегін үруге болады. 

  • Екінші әдіс

Кез-келген бүріккіш бөтелкені алып, оны емізікке қосыңыз. Ең бастысы спрейде резеңкені ерітіп жібермейтін және "пена" секілді қатып қалмайтын зат болуы керек.

  • Үшінші әдіс

Шлангты компрессордан кейінгі ауа жолына қосыңыз. Кіріс клапаны мен турбокомпрессор арасындағы қысым дөңгелекті үру үшін жеткілікті болуы тиіс.

  • Төртінші әдіс

Бұл әдіс тәжірибелі көлік жүргізушілеріне ғана жарамды. Жанармай буының жарылысы арқылы дөңгелекті үру. Бұл кезде дискі мен шинаның қабысқан тұсына жанармайды шашып, алыстан шырпыны лақтыру керек. Жанармай буы көліктің ішіндегі ауаны бірден қалпына келтіреді. Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов