Үй жинау кезіндегі мына әдеттерден арылыңыз

Үй жинау кезіндегі мына әдеттерден арылыңыз
Фото: pixabay.com

Кей кең тараған әдеттер үй жинау тиімділігін азайтып қана қоймай, денсаулығыңызға зиян келтіреді. Үй жинау кезіндегі қандай әдеттерден арылу керек?

Үй жинауды еден жуудан бастамаңыз

Кей адамдар бірінші еденді жуып алады, содан соң ғана шаң сорып, шаң сүртеді. Алайда үй жинаудың өз реттілігі бар. Алдымен құрғақ тазалау, содан соң ылғал тазалау қажет. Сондай-ақ жоғарыдан төменге қарай тазалау керек, мысалы, алдымен шкафтардың үстін, жоғарғы сөрелерді сүртіп алыңыз. Содан соң біртіндеп төмен түсе бересіз.

Қолғапты елемей қоймаңыз

Кей адамдар қолғапты тек дәретхананы жуғанда киеді. Ал қалған жерлерді қолғапсыз тазалай береді. Алайда тұрмыстық химия қол терісін құрғақ етеді, кейде аллергия береді және күйдіреді. Сондықтан әр үй тазалаған сайын қолыңызға қолғап киіп алуды әдетке айналдырыңыз.

Жууға арналған құралдарды "көзбен" өлшеп салмаңыз

Көп адам кір жуғыш машинаға киім жуатын кезде кір жуғыш ұнтақты, гельді немесе кондиционерді өлшеуге ерініп, "көзбен" өлшеп сала салады. Егер мұндай құралдарды аз салып қойсаңыз, киіміңіз дұрыс жуылмай қалуы мүмкін. Ал егер көп салып қойсаңыз, киімдеріңізде ақ жолақтар қалады. Сондай-ақ кір жуғыш құрал дұрыс жуылмай, киімде қалып қойғандықтан, тері тітіркенуі мүмкін, бұл дерматит пайда болуын ынталандырады.

Бір сорғышпен асүйдегі барлық нәрсені жуып шықпаңыз

Кей адамдар сорғышты асүйдегі әмбебап құрал ретінде пайдаланады. Онымен ыдысты жуады, содан соң үстелдердің үстін сүртеді, тамақ пісіретін пештің бетін сүртіп алады және т.б. Кей адамдар онымен тіпті, жерге түскен тамақ қалдығын да сүртіп алады. Алайда сорғышқа патогенді бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жиналады, олар содан соң ыдысқа түсуі мүмкін. Сондықтан асүйде тазалау түріне қарай әртүрлі сорғыштар мен дәкелер болуы керек.

Оқи отырыңыз: Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері

А. Жапатова