Орал қаласының тұрғындары ерекше табиғат құбылысына куә болды

Орал қаласының тұрғындары ерекше табиғат құбылысына куә болды
Фото: Tengrinews.kz/Шейхислам Темірхан

Орал қаласының тұрғындары ерекше табиғат құбылысына куә болды. Жергілікті халық сирек кездесетін табиғат құбылысынан пайда болған жарық бағаналарын тамашалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

10 қаңтарға қараған түні Оралдың үстінде жарық бағаналары пайда болды. Бүкіл қала алып прожекторлармен жарықтандырылып, айнала әсем көрініске айналды. 

Табиғат құбылысынан пайда болған жарық бағандары атмосфераның жоғары қабатында болатын процестермен түсіндіріледі. Яғни, оптикалық сәулелердің шағылысуынан пайда болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы