"Бір күнде менен кетіп қалды". Танымал әнші баянсыз махаббаты туралы айтты

"Бір күнде менен кетіп қалды". Танымал әнші баянсыз махаббаты туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Жас әнші Әлімжан Кеңес "Махаббатпен сырласу" бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алғашқы хит әні баянсыз махаббатына арналған.

"Алматыда алғашқы махаббатым кездесті. Өмірімде сондай баянсыз махаббат кездесті. Содан кейін репертуарымда лирикалық әндер көбейді. Қалай айтсам екен, 4 жыл сөйлесіп жүрген қызым бір күнде затын буып-түйіп кетіп қалды. "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?" деген ән сол қызға арналған", - деді ол.

Сондай-ақ, әнші әлеуметтік желіде шу болған видео әзіл үшін жарияланғанын айтты.

"Ал әлеуметтік желіде таралған қызға сөз салған ұсыныс видеосы әзіл үшін жарияланған еді. Достарым әзілдеп, желіге салған еді. Барлығы "үлкен қыз ғой", "бұл қалай?" деген сияқты жазып кетті. Егер үйленсем, халықтан жасырмаймын", -деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы