Жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті

Жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті
Фото: https://www.facebook.com/galymbekelubai

Бүгін қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қосқан жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жазушының досы Пернебай Сапар өз Facebook парақшасында жариялады.

"Ғалымбек Елубай бауырым, әттең, әттең... Бақұл бол. Қайран талант, ерте кетті-ау...", - деп жазды Пернебай Сапар.

Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында дүние салды.

Жазушы "Бүйі қаптаған жаз", "Тумай тұрып өлімге кесілгендер", "Құралай тышқанның боғы" сияқты әңгімелерімен танымал.

А. Жапатова